«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Литвамен іскерлік байланыс: Кәсіпкерлерге жаңа нарыққа шығу жолдары ұсынылды

2025 жылғы 05 Маусым
- Алматы қаласы
604 просмотров

5 маусым күні Алматы қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Литваның Бас консулдығының өкілдерімен іскерлік кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы – Литваның инвестициялық әлеуеті және қазақстандық компаниялардың Еуропалық Одақ нарығына шығу мүмкіндіктері болды. Кездесу барысында литвалық тарап нақты мысалдар келтіріп, инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары мен еуропалық нарыққа шығуды жеңілдететін құралдар туралы ақпарат берді.

Кәсіпкерлер тікелей дипломаттар мен сарапшыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы ықпалдастықтың мүмкін болатын форматтары талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер