«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақмола фермерлері ақбөкенге байланысты тағы да дабыл қақты

2025 жылғы 28 Мамыр
- Ақмола облысы
1266 просмотров

Жақында облыс әкімінің Ақмола бизнес-қауымдастығымен кездесуі барысында ақбөкеннің егінге түсу мәселесі тағы да айтылды. 

2020 жылдан бастап Целиноград, Қорғалжын, Егіндікөл, Атбасар, Астрахан аудандары ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері ақбөкеннің егінге түсуіне байланысты зардап шегуде. Сонымен қатар, ақбөкен саны жыл сайын артып келеді және егіннің бүлінуі салдарынан фермерлер өз өнімін жоғалтады. Нәтижесінде алынған өнім фермерлердің шығындарын өтемейді. 
Бұл мәселе түрлі алаңдарда бірнеше рет көтерілді. Айта кетейік, келесі күні Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің отырысы кезінде бұл мәселені облыстық мәслихат депутаты, «Сепе-1» ЖШС басшысы Ғалымхан Саханов айтқан болатын. Оның пікірінше, аңның еркегі мен жас төлін жою арқылы популяция санын бақылау мен реттеуді күшейту қажет. 

«Бүгінде ақбөкен саны одан да көп. Алдыңғы жылдарға қарағанда екі есе көп дақылдың бүліну  қаупі бар. Көптеген фермер бұл жағдайға қатты алаңдайды. Мемлекеттік қолдау аясында біз «Кен дала-2» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды аламыз. Алайда, бәріне сұрақ туындайды: біз есеп айырысып, ақшаны қайтара аламыз ба?»,- деп шағымданды «Қоржынкөл-А» ЖШС басшысы Әбілқайыр Ошақбаев. 

Алдын ала есептеу бойынша, жоғарыда аталған аудандардағы егіннің жалпы шығыны 500 мың гектардан асуы мүмкін. Әбілқайыр Ошақбаев ақбөкен басын реттеу мақсатында Экология және табиғи ресурстар мен Ауыл шаруашылығы министрлігі егіннің тапталудан қорғау бағдарламасын әзірлеуі қажет деп санайды. Өңір басшысымен кездесуде ол облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бірлесіп ақбөкендерді мекендеу орындарына төлдеу аяқталғаннан кейін айдауды ұйымдастыруды ұсынды.

«Біз ақбөкендердің басын реттеу мақсатында уәкілетті орган егіннен қорғау бағдарламасын әзірлеуі қажет деп санаймыз. Аграршылар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бірлесіп, ақбөкендерді мекендеу орындарына төлдеуден кейін айдауды ұйымдастыруды ұсынады», - деді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек. 

Сонымен қатар, жергілікті жерлерде фермерлер ақбөкендерді егіс алқаптарынан тыс жерлерге ығыстыруға, сондай-ақ егінді жануарлардың шабуылынан қалай қорғау керегін білмей алаңдайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер