Кәсіпкерлер дауы шешімін табуда: Түркістанда жауапты органдармен кездесу өтті
Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және мемлекеттік органдардың қатысуымен Түркістан қаласында кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін қарау жөнінде отырыс өтті. Шара «Бизнесті қорғау» және «Бизнеске жол» жобалары аясында ұйымдастырылды.
Кәсіпкерлер тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, отырыс барысында:
– Кентау қаласы, Хан тағы елді мекенінде орналасқан «Демалыс орны» құрылысына және мемлекеттік органдардың әрекетіне қатысты А. Қалиевтің шағымы;
– Ж. Османованың Кентау тас жолы бойындағы «Айлин» мейрамханасына жапсарлас орналасқан 0,3 га жер телімін жалға алу барысында туындаған кедергілер;
– «Нұрболат» өндірістік кооперативіне қатысты жоспардан тыс тексеру туралы хабарлама;
– Сайрам ауданы прокуратурасы тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізіліп жатқан тексерулер талқыланды.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова өз сөзінде бизнестің мүддесін қорғау – Палатаның басым бағыттарының бірі екенін атап өтті:
«Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – біздің негізгі міндетіміз. Осындай алаңдарда өзекті мәселелерді ашық талқылап, мемлекеттік органдармен бірлесіп шешу – бизнестің еркін дамуына жол ашады. Әрбір кәсіпкердің дауысы естілуі тиіс», – деді ол.
Жиын қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар беріліп, кәсіпкерлер көтерген мәселелерді заң аясында шешу бағытында жұмыстар жүргізілетін болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: