«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Болашақ шеберлер алаңы

2025 жылғы 05 Наурыз
- Алматы қаласы
453 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілік орталығының ашылуына қатысты. Палата мен оқу орнының серіктестігі студенттерге тағылымдамадан өтуді, бизнес-жобаларға қатысуды және оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қоса алғанда, қосымша мүмкіндіктер ашады.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ашылған құзыреттілік орталығының негізгі мақсаты - еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін мамандарды даярлау болып табылады.

«Біз дуалды жүйе бойынша көптеген кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатамыз. Оның ішінде наубайхана саласында және онымен байланысты салаларда бос жұмыс орындарын ұсына алатын көптеген компаниялар бар. Айта кету керек, дәл осындай серіктестіктер арқылы біз білім беру мекемелері мен бизнес арасында тұрақты байланыс орнатамыз, бұл түлектердің еңбек нарығында үлкен табысқа жетуіне ықпал етеді», - деп атап өтті Алматы қаласы ӨКП директоры Шыңғысхан Маманов.

Бүгінгі таңда Алматыда 130-дан астам наубайхана мен кондитерлік цехтер жұмыс істейді. Бұл жайт бүгінгі студенттердің болашақ мамандығын жоғарғы сұранысқа ие мамандықтардың біріне айналдырады.

Орталық алдына қойған міндеттердің ішінде студенттер мен оқытушылардың тәжірибесін арттыру, жұмыс берушілермен бірлесіп жаңа технологиялар мен рецептуралар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер жасау.

Орталықтың ашылуы аясында танымал наубайшылар мен кондитерлердің қатысуымен шеберлік сыныптары өтті. Демек, кәсіпкерлер үшін бұл кадр таңдаудағы маңызды жолдардың бірі. Сондай-ақ, болашақ шеберлерге арналған алаң «Жас маман» бағдарламасы бойынша әлемде танымал  өндірушілердің заанауи жабдықтарымен жабдықталғанын, онымен жұмыс істеу дағдылары кәсіби даярлық деңгейін арттыратыны сөзсіз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер