«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда кәсіпкерлер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кездесті

2025 жылғы 04 Наурыз
- Түркістан облысы
203 просмотров

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнеспен кездесу өткізіп, кәсіпкерлік субъектілердің проблемалық мәселелері бойынша жеке қабылдау жүргізді. 
    
Кездесудің алғашқы бөлігі «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға арналды.  
Бұл ретте, Превенция басқармасының басшысы Нұрлан Құдайбергенов Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2024 жылы жүргізілген шаралары жөнінде және 2025 жылға арналған жоспарлары туралы сонымен қатар, бизнесті қорғауға бағытталған бастамалар, әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде баяндама жасады.
 
Бұдан бөлек, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Каримбаев 2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Кездесудің бағдарламасына сай, мемлекеттік орган қызметкерлерінің әрекеттері/әрекетсіздігі салдарынан кәсіпкерліктерінде орын алған кедергілер бойынша келесі кәсіпкерлер өздерінің проблемалық мәселелерін жеткізді.
    •    Жеке кәсіпкер Муслима Рахимжанова – Арыс қаласы әкімдігінің сәулет және құрылыс бөлімі ғимаратқа санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден бас тартқан.
    •    Жеке кәсіпкер Музаппар Шаймерденов – жер учаскесіндегі тікұшақ алаңы құрылысына қатысты мәселе.
    •    «The Ost Group» ЖШС басшысы Таймас Камалович Тұрсынбаев – «Vivood tau» демалыс аймағына баратын жолды жөндеу қажеттігі.
    •    Жеке кәсіпкер Сапар Баратов – Шардара қаласындағы моншаның заңсыз түрде су желісінен ажыратылуы.
    •    «Turkistan Bolashaq» басшысы Шолпан Бегалиева – жекеменшік мектептер алдындағы «Қаржы орталығы» АҚ-ның берешегі.
    •    «Согдиана» балабақшасының басшысы Дильдар Хабибова – жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда Face-ID жүйесін енгізудің заңдылығы.
    •    «Нұрболат» ӨК басшысы Жанболат Мелдешов – Денсаулық сақтау басқармасының кәсіпкерлікке кедергі келтіруі.

Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша отырысқа қатысушылардың пікірлері мен отырыс төрағаларының ұсыныстары негізінде мемлекеттік органдарға хаттамалық ұсыныс енгізілді.
Кездесудің қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевпен ай сайын Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнеспен кездесіп, олардың проблемалық мәселелері бойынша жеке қабылдау жүргізетінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер