«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау – басымды бағыт

2025 жылғы 03 Ақпан
- Алматы қаласы
242 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының және Экономикалық тергеу департаментінің басшылары бизнесті қорғау шеңберінде ағымдағы жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекітті.

2024 жылы екі ұйым арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған. Оның аясында палатаның көмегімен кәсіпкерлер үшін Экономикалық тергеу департаментінде «ашық есік» күндері ұйымдастырылды. Өткен жылы аталмыш департаментке, сондай — ақ прокуратура органдары мен соттарға бизнес өкілдерінен 90 — ға жуық өтініш келіп түсті, олардың көпшілігі - 70-ке жуығы сотқа дейінгі тәртіппен қарастырылды.

«Өткен жылы Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаменті бизнес өкілдеріне қатысты күрделі мәселелерді шешуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Соның ішінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты бірнеше қылмыстық істерді сәтті шешуге мүмкіндік туды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау департамент жұмысында басты міндеттерінің бірі болып табылады және біз кәсіпкерлердің мәселелерін сотқа дейінгі тәртіппен барынша шешу үшін Палатамен одан әрі белсенді ынтымақтасуға дайынбыз», - деп атап өтті Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Данияр Ақжанов.

Биылға Алматыда 36 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл көрсеткіш кәсіпкерлік ортаның белсенді дамып келе жатқанның белгісі. Демек, бірлесе атқаратын жұмыс та жалғасын табатыны сөзсіз.

Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының м.а. Жанна Мырзакулова Данияр Ақжанов пен оның командасына белсенді ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

«Біздегі заң бөлімі кәсіпкерлердің мәселелерімен тығыз айналысуда. Әзірге Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп шешетін күрделі  мәселе жоқ. Дегенмен, бизнестің жолында туындаған мәселелерді болдырмау үшін біз әрқашан ынтымақтастыққа дайынбыз», - деп атап өтті Мырзақұлова.

Диалог барысында 6 ақпанда өтетін Мемлекет басшысының кәсіпкерлермен  кездесуіне ерекше назар аударылды. Болар ауқымды шара билік пен бизнес арасындағы диалогты дамытудағы маңызды кезең екендігін көрсетеді. Осы кезеңде атқарылар шараларды талқылай отыра, екіқйымның 2025 жылға бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер