«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жалған ақпарат: «Атамекен» ҰКП ескертеді!

2025 жылғы 22 Қаңтар
858 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған жалған видеоролик бойынша ескертеді. Видео авторлары қазақстандықтар үшін кейіннен төленетін біржолғы инвестициялық салымдар жөнінде мәлімдеген. Аталмыш бейнероликтің мазмұны шындыққа жанаспайды! «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ешқандай қаржы жинауды жүргізбейді.

Жоғарыда аталған материалды тарату фактісі бойынша құқық қорғау органдарына хабарланды.

Мұндай схемаларға қатысу қолма-қол ақшаның жоғалуына не жеке деректердің таралуына әкелуі мүмкін. Егер осындай күдікті ұсыныстар болса, құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз.

«Атамекен» ҰКП қызметі, оның бастамалары мен қызметтері туралы барлық ақпарат тек ресми ресурстарда жарияланады:

* atameken.kz сайты;

* Facebook парақшасы;

* аtameken.news телеграм-арнасы;

* аtameken.news TikTok аккаунты;

* аtameken.news Instagram-аккаунты;

* @atamekenkz YouTube арнасы;

 

«Атамекен» ҰКП қызметіне байланысты мәселелер туындаған жағдайда, сіз 1432 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шала аласыз.

Кәсіпкерлер мен қазақстандықтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Сондай-ақ, алаяқтық схеманың құрбаны болмау үшін жақындарыңызбен осы ақпаратпен бөлісуге шақырамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер