«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақмола облысында Өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлауға дайындық жүріп жатыр

2024 жылғы 05 Желтоқсан
- Ақмола облысы
1786 просмотров

11-22 қараша аралығында Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған өңірлік комиссия өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің делегаттарына (мүшелеріне) кандидаттардан өтінімдер қабылдады.

Кандидаттар салалық және аудандық кеңестердің мүшелері қатарынан, сондай-ақ ӨКП-да аккредиттелген өзін-өзі реттеуші ұйымдар мен қауымдастықтардың бірінші басшылары не алқалы орган мүшелері арасынан сайланатын болады.
Бүгінгі таңда аудандық кәсіпкерлер кеңестері, салалық кеңестер, қауымдастықтың өкілдерінен 34 өтінім жиналды. Еске салсақ, ӨКП жанында 19 аудандық, 7 салалық кеңес, сондай-ақ ӨКП-да аккредиттелген туризм қауымдастығы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Өңірлік палата сарапшылары сайлау регламенті және Өңірлік кеңеске делегаттарды іріктеу бойынша толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, Ақмола облысының өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлау биылғы 23, 24, 25 желтоқсанда бекітілген кестеге сәйкес өтеді. Қағидаларға сәйкес, Өңірлік кеңес делегаттарын сайлау сайлаушылар пулының тікелей дауыс беруі негізінде өткізіледі. Сайлаушылар пулы – салалық кеңестің тұрақты құрамына кіретін салалық кеңестің делегаттары. Олардың сайлауға қатысу үшін өз кандидатураларын берген немесе өңірлік комиссияның құрамына кіретін мүшелерді қоспағанда, аккредиттелген қауымдастықтардан (одақтардан), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардан делегаттар сайлауға құқығы бар. Бірнеше салалық кеңестерден тұратын салалық кеңес мүшесі өз кандидатурасын тек бір салалық кеңестен ұсына алады.
Сондай-ақ, ол кем дегенде бір ай бойы салалық кеңестің мүшесі болуы керек. Тиісті салалық кеңесте сайлау өткізуге арналған жиын салалық кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісін құрайды. Өңірлік кеңестің делегаттығына үміткерлер сайлау науқанын жүргізе алады.

«Өңірлік кеңес аумақтық және салалық тиесілігін ескере отырып, сондай-ақ аккредиттелген қауымдастық өкілдері үшін орындар санын ескере отырып қалыптастырылады. Кейіннен Өңірлік кеңестің жаңадан сайланған мүшелері АӨК және тамақ, өңдеу өнеркәсібі, туризм және экология, көлік, құрылыс, сауда және қызмет көрсету, білім беру және денсаулық сақтау, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту салаларын дамыту векторына одан да көп күш сала алатынына сенімдіміз. Сондай-ақ, Жер мәселелері мен бизнес субъектілерін қаржыландыру механизмдері бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр», - деп атап өтті Өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер