«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысындағы май экстракциялық зауытын 2025 жылдың қыркүйегінде аяқтау керек

2024 жылғы 05 Қараша
- Павлодар облысы
3314 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы Шарбақты ауданының Құрқамыс теміржол станциясында «Aibarys Ltd» ЖШС май экстрациялық зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жобаның іске асырылуын қадағалауды жалғастыруда.

«Бұл инвестициялық жобаны іске асыру кезеңі - 2023 жылдың мамырынан 2025 жылдың қыркүйегіне дейін. Жобаның құны - 25 миллиард теңге. Ол Қытайдың Мемлекеттік даму банкі арқылы қаржыландырылады», - дейді «Атамекен» ӨКП Шарбақты және Успен аудандарындағы филиалының директоры Қайырбек Құлымбенов.

Оның айтуынша, мұнда негізгі магистральдан болашақ кәсіпорынға дейін ұзындығы 1647 метр болатын теміржол құрылысы толығымен аяқталды. Зауыттың қажеттіліктері үшін бетон бұйымдарын шығаратын цехтың құрылысы белсенді жүргізілуде.

Нысанның инвесторы - Болат Садық, атқарушы директоры - Әзілхан Әбеуов. Өсімдік майын өндіру қуаттылығы - жылына 121,1 мың тоннаға дейін, күнжара - сол мөлшерде. Өнімдер ішкі және қытай нарығына сатылатын болады.

Жобаға ауданы 29 гектар жер учаскесі бөлінген. Оның периметрі бойынша жарықтандыру орнатылған қоршаулар мен тіректерді орнату аяқталды. Нысан сумен жабдықтау жүйесіне де қосылған.

«Кәсіпорын Павлодар облысының инвестициялық жобаларының жалпыұлттық пулына кіреді және Интерактивті инвестициялық картаға енгізілді», - деп атап өтті Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер