Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанынан креативті индустриялар және IT жөніндегі кеңес құрылуда
Құрметті Алматы қаласының кәсіпкерлері!
Бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік билік органдарымен тиімді өзара іс-қимылы мақсатында, сондай-ақ бизнес субъектілерінің міндеттері мен проблемаларын шешу және оларды дамыту үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы жанынан креативті индустриялар және IT жөніндегі кеңес құрылуда.
Кеңестің негізгі міндеттері:
1. Проблемалық мәселелерді анықтау және шешу;
2. Бизнес құқықтарын қорғау және қабылданатын НҚА сараптамасы;
3. Саланы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4. Бизнестің құзыреттілігін арттыру.
Кәсіпкерлердің салалық кеңесінің мүшелігіне үміткерлерінің келесі құжаттары болуы тиіс:
1) еркін нысандағы (сала санаты көрсетілген) өтініші;
2) кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің/мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;
З) үміткердің түйіндемесі немесе өмірбаяндық деректер (фотосуретпен);
4) үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;
5) кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы белгіленген нысандағы анықтама (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама не Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісінен анықтама (тек Акционерлік қоғамдар үшін);
6) беру мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспайтын соттылығының жоқ/бар екендігі туралы анықтама.
Кеңеске мүше болуға өтінімдерді aitima@inbox.ru электрондық поштаға, немесе +7 705 389 00 33 – Айгерім номеріне жолдай аласыз:
Пікір қалдыру:
Пікірлер: