«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қауіпсіздік бірінші орында

2024 жылғы 11 Шілде
- Қызылорда облысы
5198 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Сауда, қызмет көрсету және туризм Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңеске Палата директоры Пірмұхаммед Сыздық, Сауда, қызмет көрсету және туризм Кеңесінің төрағасы Ақмарал Әбдіразақова, құқық қорғау және мемлекеттік орган өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиын барысында құқық қорғау органдары террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын сауда және қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын талаптар туралы айтты. Қызылорда облысының Полиция департаменті өкілі Ілияс Тұрмаханов қоғамдық тамақтандыру орындарында құқық бұзушылықтар мен қылмыстық оқиғалардың алдын алу шараларын, оның ішінде бейне-бақылау және күзет жүйесін ұйымдастыруды талап ету заңдылығын түсіндірді.

 «Кәсіпкерлік нысандардың ең көп жіберетін қателігі орнатылған камералары объектіні толық қамтымауы және ішіндегі ақпараты кемі 30 тәулік сақталмауы. Сонымен бірге, барша кәсіпкерлік нысан иелері «Дабыл батырмасының» болуын және оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс» деді Ілияс Тұрмаханов.

Сонымен қатар, жиын барысында облыстық Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының өкілі Халықтың көші-қоны туралы заңнамасы бойынша /"е-Qonaq" ақпараттық жүйесін қолдану талабын түсіндірсе, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев Өрт қауіпсіздігінің алдын-алу және болдырмау, тексеру шаралары туралы толыққанды ақпаратымен бөлісті.

Кәсіпкерлер құқық қорғау орган өкілдеріне сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Құзырлы орган өкілдері өз ретінде мораторий аяқталғанымен, олардың мақсаты айыппұл салу емес, нәтижеге жұмыс жасау екендігін, дегенмен кей нысандарда ескертпелерге қарамастан заң бұзушылық фактілер әлі де орын алатындығын айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер