«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысының кәсіпкерлері жалпыұлттық экологиялық акцияға белсене қатысты

2024 жылғы 04 Шілде
- Түркістан облысы
1387 просмотров

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері  мен өңір кәсіпкерлері сенбілік жұмыстарын жүргізді. Тазалық акциясына белсене қатысқан палата қызметкерлері және жеке кәсіпкерлер мекеме айналасында, кәсіпкерлік нысаны маңында тазарту жұмыстарын атқарды.

- Тазалық - қоқыс жинаған жерде емес, шашпаған жерде қалыптасады. Қаламызды, қалаберді аудандарды таза ұстау әрбір тұрғын үшін маңызды болуы тиіс. Барлығымыз тазалық жұмыстарына мән берсек өскелең ұрпаққа үлгі боларымыз анық, - деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

Облыс аймағындағы аудан-қалаларда ағаш көшеттері отырғызылып, аула аумақтары абаттандырылды. Кәсіпкерлер  «Тазалықты әр адам өз ауласынан бастау керек» деген пікірді ұстаным етіп алған. Сондықтан да  әрбір тұрғын керексіз затты,  бейберкет қоқыс тастар алдында ойлануы керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер