«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан мен Қытай туризм саласындағы жаңа бастамаларды мақұлдады

2024 жылғы 27 Маусым
1528 просмотров

«Атамекен» ҰКП Үрімші қаласында (Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) трансшекаралық туризмді дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды.

Бұл шекаралас аймақ болғандықтан Қазақстан мен Қытай экономикасы үшін сауда, гуманитарлық және туристік орталық болып табылады. Мемлекет басшысының трансшекаралық туризмді дамыту жөніндегі саясатын іске асыру, сондай-ақ ҚХР-дағы Қазақстан туризмі жылы аясында салтанатты іс-шаралар өткізілді.

26 маусымда «Атамекен» ҰКП мен ШҰАА туристік қауымдастығы екі елдің туристік индустриясын ілгерілетуге, туристер ағынын, ақпарат пен мәдениетті алмасуға бағытталған стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазақстан тарапынан «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, ал Қытай тарапынан ШҰАА туристік қауымдастығының басшысы Жан Сяо Ю қатысты.

27 маусымда ІІІ өңіраралық ынтымақтастық Форумы аясында «Атамекен» ҰКП Қытайдың Шыңжаң халықаралық саудаға жәрдемдесу Комитетімен меморандумға қол қойды.  Бұл құжат екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге бағытталған, яғни туризм мен басқа да салалардағы экономикалық өсудің және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады. Аталмыш меморандумға «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков пен Қытайдың Шыңжаң халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің вице-президенті Хе Ин қол қойды.

Жалпы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік қарым-қатынасты нығайту жұмыстарын жалғастыруда.

Айта кетейік, Қазақстан 2024 жылдың қыркүйегінде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қытайды шақырады. Сондай-ақ, биыл күзде Алматыда Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы трансшекаралық туризмді дамытуға арналған Форум өткізу жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер