«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл кәсіпкерлігін дамытудың негізгі бағыты

2024 жылғы 21 Мамыр
- Қызылорда облысы
6703 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы мен палатаның Өңірлік кеңес бастамасымен мемлекеттік мекемелер мен қаржы ұйымдарынан құрылған жұмысшы топ Жаңақорған ауданында жергілікті бизнес қауымдастықпен кездесу өткізді.

Кездесу аясында палата директоры Пірмұхаммед Сыздық кездесудің мақсат-міндеттерімен таныстырды.

"Мемлекет басшысы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға аса назар аударып отырғандығы баршамызға белгілі, алайда өңірімізде интернет ұстамай, ақпарат ала алмай отырған елді-мекендер де бар. Әсіресе мал шаруашылығымен айналысатын кәсіп иелері шалғай ауылдарда, тіпті ауыл сыртында орналасқан. Осы орайда, олардың кәсіптерін әрі қарай дамытуды қолдау мақсатында біз аудан орталықтарында кездесулер ұйымдастырып, оған барынша ауылдық елді-мекендерді қамтуға тырысып келеміз. Жиынға келіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алған кәсіпкерлер де бұндай кездесулердің олар үшін аса қажет екендігін және жиірек өткізіліп тұруын ұсынды. Біздің жұмысшы топтың да басты мақсаты - кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін анықтап, жұмыс жасау ", - деді Пірмұхаммед Сыздық.

Кездесуде кәсіпкерлер тиісті органдарға "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие, гранттар бөлу, субсидиялау және басқа да бірқатар мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді.

Сонымен бірге, аудандық прокуратура өкілдері қандай да бір заң бұзушылық орын алған жағдайда кәсіпкерлерді қорғауға даяр екендігін айтып, соңғы уақытта белең алып бара жатқан алаяқтардан сақ болуға шақырды.

 Мұндай кездесулер бизнес өкілдерінде туындайтын мәселелерді саралап, кәсіпкерлерлікті дамыту жолында кездесетін проблемаларды шешуге мол мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер