«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық кәсіпкер су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау білдірді

2024 жылғы 12 Сәуір
- Қызылорда облысы
5610 просмотров

Су тасқыны салдарынан еліміздің 10 өңірінде жарияланған төтенше жағдай бүгінгі күні барша қазақстандықтардың бірлігін көрсетті. Мемлекет тарапынан берілетін көмектен бөлек еліміздің түкпір-түкпірінен ерікті азаматтарымыз қолдарынан келген көмегін аянбай жатыр.

Осы орайда, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшесі, «Абай Дәулет» ЖШС басшысы, өңірімізге өз қайырымды істерімен сыйлы азамат Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға, дәлірек айтсақ Ақтөбе облысының Ойыл ауданының тұрғындарына  20 тонна жем-шөп жіберді.

«Ел басына ауыр күн туғанда мүмкіндігінше көмек беру әрбір азаматтың парызы деп білемін. Соңғы болып жатқан жағдайлар тұтастай қазақ еліне ауыр тиді. Осы орайда, мен зардап шеккен аймақтарға барып, ерікті түрде өз көмегін ұсынған және алыс аймақтардан гуманитарлық, материалдық тұрғыда көмек жөнелтуге атсалысып жүрген барша жанға алғысымды білдіргім келеді. Бұл күндер артта қалып, еліміз аман болсын!» деді Мұрат Абайұлы.

Сонымен бірге, «Абай Дәулет» ЖШС су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету мақсатында Қызылорда қаласынан кеше жолға шыққан 10 жүк көлігімен бірге тағы да 20 тонна жем-шөп пен азық-түлік жіберді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер