«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сыр өңірінің «бренді» атауына лайық қандай өнімдер?

2024 жылғы 18 Наурыз
- Қызылорда облысы
4734 просмотров

Бүгін өңірлік Атамекен кәсіпкерлер палатасының алаңында  ҚР Әділет министрлігі жанындағы ұлттық зияткерлік меншік институтының мамандары, ҚР Әділет министрлігі жанындағы ұлттық зияткерлік меншік институтының департамент басшысы Гулнар Белгожина және бас сарапшы Арайлым Ильясова зум байланыс желісі арқылы Географиялық нұсқама бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Жиынға өңірлік кәсіпкерлік палатасының директоры мен қызметкерлері, бизнес қауымдастықтардың өкілдері, Қызылорда облысы Әділет департаментінің және күріш шаруашылығы өкілдері қатысты.

Облыста өндірілетін өнімдер мен тауарларды географиялық нұсқама  ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізіп, тауар иесінің ерекше құқығын куәландыратын куәлік алу үшін тауар белгісін мемлекеттік тіркеуден өткізу қажеттілігі туындауда. Географиялық нұсқама аулшаруашылығын дамытуда, ұлттық брендтті ілгерілетуде, шет елдерге отандық өнімді танытуда маңызды рөл атқарады.

«Бүгінде Қызылорда облысында өндірілетін халықтың ауқымды сұранысына ие және шетелдік нарықта танылған тауарлар легі жеткілікті екені белгілі. Оның ішінде әсіресе Қызылорда күріші, қауыны, Арал тұзы және Қазалы кәмпиті бар. Бұлар әлдеқашан Сыр өңірінің «брендіне» айналып үлгірген, ендігі кезекте олардың құқығын куәландыратын куәлік алу мәселесі тұр. Әрине, бұдан бөлек те өнімдер жылдан-жылға танымал болып келеді және бұл біз үшін қуанарлық жайт» деді Палата директоры Пірмұхаммед Сыздық.

Осыған орай, жиынға қатысушылар спикерлерге бірқатар сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер