«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қылмыстық процесте кәсіпкерлер құқықығын қорғау

2024 жылғы 05 Наурыз
- Қызылорда облысы
4572 просмотров

Өткен аптада Достық үйінде «Қылмыстық процесте кәсіпкерлер құқықығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен шараның күн тәртібін талқылауға соттардың, күш құрылымдарының және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ өңіріміздің бизнес қауымдастығы атынан Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық қатысты.

Мемлекет басшысы белгілеген басым бағыттардың бірі – отандық бизнесті қорғау. Бас прокуратураның бастамасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы құқық қолдану практикасына талдау жүргізіліп, оның қорытындысымен бизнестің, оның ішінде қылмыстық-құқықтық саладағы жүйелі проблемалар анықталды. Мұндай мәселелерді шешу прокуратура органдарына жүктелді.

Осыған орай, 2022 жылғы қыркүйекте Бас прокурор еліміздің барлық айматық прокуротураларына кәсіпкерлерді заңсыз қудалауға жол бермеу жөнінде нұсқау берді. Нұсқауға сәйкес кәсіпкерлерге одан әрі шағымдану құқығын бере отырып, тиісті тексеру нәтижелері туралы актімен танысу мүмкіндігі берілді. Мұндай тәртіп 2023 жылы облыс кәсіпкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тіркеу фактілерінің санын екі есеге азайтуға мүмкіндік берді. Облыстық прокуратура органдарының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тіркеліп, бірнеше жыл көлемінде шешімін таппаған 45 қылмыстық істі анықтап, барлығын ақтау негіздерімен тоқтатты.

«Мемлекет басшысының прокуратура органдарына сеніп тапсырған тұсының бірі – бизнес өкілдерінің құқығын қорғау болса, осы бастама барша кәсіпкерлер үшін сәтті қадам болды деп айта аламын.  Жыл басынан бері облыс прокуратурасымен өтіп жатқан осы үшінші жиынымыз. Сондай-ақ, облыс прокуроры Р.Ожаровтың апта сайынғы өткізетін қабылдауынан да кәсіпкерлер тыс қалып жатқан жоқ. Бірлескен жұмыстар нәтижесінде бүгінгі күні олардың проблемалық мәселелері шешімін тауып, уақыт талап ететін тұстары прокуратура органдарымен зерделену үстінде» деді П.Сыздық.

Шара барысында қатысушылардың пікір-ұсыныстары ескеріле отырып, құқық қорғау органдары тарапынан негізсіз қысым жасаудан одан әрі арашалау жөніндегі проблемалық мәселелер талқыланды.

Дөңгелек үстел отырысын қорытындылай келе, облыс прокуроры мемлекеттік органдар тарапынан мұндай бірлескен күш-жігердің айқын болуы тиіс екенін және кәсіпкерлер өз тарапынан қолдауды тұрақты негізде сезінуі тиіс екенін атап өтті.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер