«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Географиялық нұсқама» кәсіпкерлерге қаншалықты қажет?

2023 жылғы 01 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
9170 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында Қызылорда облысы Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік субъектілеріне сыртқа шығарылатын өнімдер мен тауарларды ұлттық бренд ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізіп, тауар иесінің ерекше құқығын куәландыратын куәлік алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Осы мақсатта, 2022 жылғы 20 маусымда ұлттық заңнамаға «Географиялық нұсқама» жаңа өнеркәсіптік меншік объектісі енгізілді. Географиялық нұсқама аулшаруашылығын дамытуда, ұлттық брендтті ілгерілетуде, шет елдерге отандық өнімді танытуда маңызды рөл атқарады.

 Бүгінгде Қызылорда облысында өндірілетін халықтың ауқымды сұранысына ие және шетелдік нарықта танылған тауарлар легі жеткілікті екені белгілі. Оның ішінде әсіресе Қызылорда күріші, әміре қауыны, Арал тұзы және  Қазалы кәмпиті бар.

«Қазіргі таңда Қызылорда облысының ең танымал брендіне айналған күріш өндірісімен өңірде 20-дан аса мекеме айналысады, олар өз өнімін 14 елге шығарып отыр, дегенмен ешқайсысы тауар иесінің ерекше құқығын куәландыратын куәлік алмаған»,- деді Қызылорда облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Шахар Бегежанова.

Жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі көтерілген мәселеге үлкен қызығушылық танытып, өз ұсыныстарын білдірді.

Осыған орай, өңір кәсіпкерлері облыста географиялық нұсқама алынатын өнімдер тізбесін енгізіп, оны жоғары тұрған уәкілетті органға жіберуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер