«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада кәсіпкерлердің мәселесі салалық комитеттерде шешіліп жатыр

2023 жылғы 28 Ақпан
- Қызылорда облысы
7243 просмотров

Өткен жылдың қарашасынан бері Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған салалық комитеттердің 26 отырысы өтіп, онда бизнес өкілдерінің 43 мәселесі қаралды. Оның бірқатары шешілді.

Қазір Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында тұрақты 5 салалық комитет жұмыс істейді.

Олар: өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтіксаясаты, сауда, қызмет көрсету және туризм, құрылыс комитеті.

Салалық комитет бизнес субъектілерінің міндеттері мен мәселелерін шешу үшін мемлекеттік және өзге де ұйымдармен бірлескен іс-қимыл жасауды, яғни анықталған проблема бойынша оны шешу тетіктерін қарап, кәсіпкерлердің мүддесін қорғау, оларды қолдауды көздейді.

«Әр комитеттің 13-тен 26-ға дейін мүшесі бар. Барлығы –кәсіпкерлер. Комитеттің төрағаларын мүшелері дауыс беру арқылы анықтады. Соңғы 4 айда осы комиттердің 26 отырысы өтіп, өзекті 43 мәселені қарадық. Мектеп асханалары, балабақшаға мемлекеттік тапсырыс орналастыруға, бос ғимараттарды кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға беруге байланысты және өзге де проблемаларды жергілікті атқарушы органдармен бірге көтеріп, талқылағанның арқасында дер кезінде тиімді шеше алдық», – дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Қазір 5 салалық комитетте 104 мүше бар. Комитет мүшелері енді подкомитет құру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр.

Салалық комитет басшылары:

- Өнеркәсіп комитетінің төрағасы – Жаңабай Бекішев, «Квант» ҚМЗ» ЖШС директоры, Өңірлік кеңес мүшесі;

- Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы – Нұрлан Іздібаев, «Ақтөбе және К» ЖШС директоры, Өңірлік кеңес мүшесі;

- Құрылыс комитетінің төрағасы – Манарбек Еспенбетов, «ПромСтройСервис Е» ЖШС директоры, облыстағы құрылысшылар қауымдастығының төрағасы, Өңірлік кеңес мүшесі;

- Сауда, қызмет көрсету және туризм комитетінің төрайымы – Ақмарал Әбдіразақова, облыстағы қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласы қауымдастығының төрайымы;

- Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағасы – Әнуар Дәуленбаев, академик С.А. Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің директоры, Өңірлік кеңес мүшесі.

Салалық комитетке қатысты ұсыныс-пікір, сұрақтарыңыз болса Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына 8 /7242/ 40-09-81 байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер