«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер туризм саласына арналған субсидиядан хабардар ма?

2023 жылғы 08 Ақпан
- Қызылорда облысы
9986 просмотров

Былтыр 1 қаңтарда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары күшіне енді. Қағидаға сәйкес туризм саласының 7 бағыты бойынша кәсіпкерлер мемлекеттен субсидия ала алады. Қандай бағыттар, кімдер қатыса алады және құжаттарды қайда өткізу керек? Осы және өзге де сұрақтарға Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Назым Мұрсал жауап берді.

 

– Назым Сәкенқызы, алдыменсубсидия берілетін 7 бағытты атап өтсеңіз.

–Туризм саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлер үшін мемлекет жақсы қолдау ұсынып отыр. Салаға салған қаржысының бір бөлігі субсидияланады. Оның ішінде 7 бағыт таңдалды. Туристік қызмет нысандарын салу, реконструкциялау, сонымен біргежол бойындағы сервис объектілерін салу шығындарының 10 пайызы өтеледі. Кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындары үшін ай сайын 83 300 теңгеге дейін төленеді. Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерге жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы 8 немесе одан да көп орындығы бар көлік құралдарының, сондай-ақ  таушаңғысыкурорттарыүшінжабдықтар мен техника сатыпалуға кеткен шығынның 25 пайызына дейін субсидияланады. Туристік пакет арқылы келген әр шетелдік турист үшінтуроператорларға 15 000 теңгеден беріледі. Ел аумағында кәмелеткетолмағанжолаушылардыәуедетасымалдаукезіндетуристікөнімгеенгізілгенбилеттіңқұны – балаларәуе билеті 100 % пайыз субсидияланады.

– Бұл бағыттар бойынша кәсіпкерлер қашан және қандай құжат тапсыруы керек?

–Кәсіпкерлер 4 бағыт бойынша 1 наурызға дейін өтінім беріп үлгеруі керек. Олар:туристік қызмет нысандарын салу, реконструкциялау, сонымен бірге жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған, туристік қызметті жүзеге асыратын көлік  құралын сатып алу барысындағы, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындар бойынша тапсыруы керек. Әр бағыт үшін сұралатын құжат әртүрлі. Дегенмен, бірінші кезекте кәсіпкер екенін дәлелдейтін құжаты болуы және қызмет бағыты экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторына (ОКЭД) сай келуі керек. Әрі қарай, ғимараттың немесе көліктің құжаттары сұралады. Кәсіпкерлер өтінім мен құжаттарды жергілікті атқарушы органға, соның ішінде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына тапсырады.

– Кәсіпкер құжат тапсырған соң не істеуі керек?

– Кәсіпкерлерден түскен өтінімдерді қарау үшін облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссия келіптүскенкүнненбастап он жұмыскүніішінде құжаттардың қағидаға сәйкестігін қарап, тиісті шешім қабылдайды. Біз салаға арналған қолдау тетігі жөнінде жыл басынан кәсіпкерлерге ақпарат таратып, түсіндіріп жатырмыз. Жақында Палата жанындағы Сауда, қызмет көрсету және туризм коимитетінің отырысында да сала мамандарын қатыстыра отырып, осы сұрақты көтердік, кәсіпкерлердің сұрағына жауап бердік. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы әзірге1 кәсіпкерден өтінім түсіп тұрғаны жөнінде ақпарат берді. Әлі де естімеген кәсіпкерлер болса хабарласуларын сұраймыз. Біздің байланыс нөміріміз 8 /7242/ 40-09-81.

– Назым Сәкенқызы, жауабыңызға рақмет.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер