«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жүк вагондарының жетіспеушілігі қызылордалық кәсіпкерлердің қызметіне кедергі келтіріп тұр

2023 жылғы 11 Қаңтар
- Қызылорда облысы
4251 просмотров

Әктас өндірумен айналысатын қызылордалық «Шиелі тас» ЖШС өнімін тапсырыс берушілерге жеткізе алмай отыр. Былтыр кәсіпкер наурыздан жыл соңына дейін 402 вагон өнімнің орнына 134-ін ғана жөнелткен.

Бұл проблема облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың төрағалығымен өткен кәсіпкерлік сұрақтарына арналған жұмыс тобының отырысында қаралды.

«Шиелі тас» ЖШС-да 50 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 312 мың тонна, айына 26 мың тонна өнім өндіре алады.

«Кәсіпкер өткен жылдың наурыз-желтоқсаны аралығында Қазалы, Төретам, Сайрам бағытына тауар тасымалдау үшін шарттық және коммерциялық жұмысты басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы 49 рет өтінім берген. Оның 12-сі ғана толықтай, 4-еуі түзетуден кейін қанағаттандырылған. Ал 33 өтінім кері қайтарылған. Жүк вагондарының жетіспеушілігі тек «Шиелі тасқа» ғана емес, сондай-ақ өңірдің күрішшілері мен наубайханашыларына да салмақ салып отыр», – деді отырыста Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов жауапты мемлекеттік орган өкілдеріне жағдайға талдау жасап, тиісті ақпарат ұсынуды жүктеді. Содан кейін «Қазақстан темір жолы» АҚ басшылары және уәкілетті министрлікпен келіссөздер жүргізетінін жеткізді.

Бұдан бөлекшараданаубайханашылардың проблемасы талқыланды.

Жұмыс тобы отырысты қорытындылай келе,өңірден шығатын өнімдерді қолдау мақсатында жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі облыстық комиссия құру жөнінде шешім шығарды.

Айта кетейік, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың өткен жылғы 7 қыркүйекте кәсіпкерлермен кездесуінде кәсіпкерлік саласында туындаған жүйелі мәселелерді жедел қарауға арналған  жұмыс тобын құруұсынылып, қазанда құрылған болатын.  

Жұмыс органы  – Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы.

Жұмыс тобының отырысы айына кемінде бір рет шақырылады және мәселелер туындауына жоспардан тыс та өткізілуі мүмкін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер