«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық палата мен Антикордың жұмыс тобы кеңейтілген отырыс өткізді

2022 жылғы 28 Қараша
2578 просмотров

 «Атамекен» ҰКП және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмыс тобының отырысын өткізді. Онда кәсіпкерлердің түйткілді өтінімдері қаралды. Талқылауға қаржы, ұлттық экономика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

 Ұлттық палатаның деректері бойынша 2021 жылы «Атамекен» ҰКП жүйесіне бизнесті қорғау тізбегі бойынша  4 182 өтінім келіп түскен.

Бизнестен мемлекеттік органдарға лауазымды тұлғалардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымдану бойынша шамамен 4 мыңға жуық өтініш келіп түседі. Азаматтық соттарда жыл сайын мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне дау айту бойынша 9 мыңға жуық талап-арыз қаралады. Көбінесе бұл фактілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен байланысты.

«Ұлттық палатаға бақылаушы және құқық қорғау органдары жазалауға жақын екенін баяндаған жүздеген шағым мен өтініш келіп түседі. Талдау тергеу органдарының бизнесті қылмыстық қудалауға тартуға бейім екенін көрсетіп отыр.   Жұмыс тобының негізгі міндеті өтініштерді жедел қарау және оң шешілген жағдайларды кеңінен насихаттау болуы керек деп санаймыз. Қазіргі кезде «Атамекен» адвокаттық және заң қоғамдастықтар, сондай-ақ мемлекеттік органдармен жаңа қарым-қатынастар құру бойынша жұмысты жүргізіп жатыр. Мемлекеттік органдар арасындағы негізгі орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мәлік Сәулебай кездесу барысында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандарының айтуынша,  жыл басынан мемлекеттік қызметшілер тарапынан бизнеске заңсыз араласу мен қысым көрсету бойынша осындай 72 факті анықталды. Олар бойынша 165 сотқа дейінгі тергеу басталды, 112 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 65-і сотталды. Заңсыз әрекеттердің көпшілігі пара алумен байланысты, соның ішінде орындалған жұмыстар актілеріне қол қою, рұқсат құжаттарын беру және т.б. Олардың жалпы құрылымдағы үлес салмағы 80% құрады.

Осы ретте ҚР Қылмыстық кодексінің 412-бабында көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері көп, ал ел ауқымында бірде бір іс қозғалмаған. Сол сияқты, ҚК-нің 365-бабы бойынша – заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасауға қатысты көптеген факті бар, а қозғалған істердің саны аз.  Мәселен, 2021 жылы 3 қылмыстық іс қозғалды, 1 сотқа жолданды, 2022 жылдың 10 айында 1 қылмыстық іс қозғалды.

Бұл жағдай заңнаманың кемшіліктерін көрсетеді және құқық қорғау органдарының жекелеген жосықсыз қызметкерлеріне айла жасау үшін ыңғайлы. Елдегі кәсіпкерлік ахуалды сауықтыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ешқандай әсер етпейді.

Антикор ел дамуының қазіргі кезеңінде мұндай қылмыстарды анықтауды басымдыққа алуы керек.       

Жиын қорытынысы бойынша Антикор басшылығы аумақтық бөлімшелерге осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Осы жылдың 19 мамырында Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде құқық қорғау органдарының жұмысындағы кемшіліктерді атап, бизнеспен жұмыс істеудің бұрынғы әдістеріне жол берілмейтінін және бақылаушы органдар қызметінің репрессиялық сипатын төмендету бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер