«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлердің «Атамекеннен» басқа баратын жері жоқ – Жаңабай Бекішев

2022 жылғы 04 Қараша
- Қызылорда облысы
5597 просмотров

Астанада өткен «Атамекен» ҰКП-ның Х съезге Қызылорда облысынан қатысқан делегат, Өңірлік кеңес мүшесі Жаңабай Бекішев Ұлттық палата алдына қойылған міндетін жақсы орындап келеді деген пікір білдірді.

Оның пікірінше, ұйым кәсіпкерлерді қорғауы үшін, сондай-ақ кәсіпкер мен биліктің арасында тиімді байланыс орнатуы үшін керек.

«Қоғамда «Атамекен» керек пе деген сұрақ көтеріліп жүр. Кәсіпкерлердің «Атамекеннен» басқа баратын жері жоқ. Кәсіпкерлердің мемлекеттік органмен кездесетін мәселесі осы Палата мамандарының араласуымен шешіліп жатыр. Мен кәсіпкермін. Менің де бірнеше проблемам Палатаға келгеннен кейін шешілді. Бұл ұйымсыз кәсіпкерлерге өте қиын болады», – дейді «Квант» ҚМЗ» ЖШС директоры Жаңабай Бекішев.

Кәсіпкер «Атамекеннің» жұмысын жандандырып, қосымша құқық беріп, құзыретін күшейту қажет деп санайды.   

Айта кету керек, бүгін Астанада «Атамекен» ҰКП-ның Х съезі өтті.

Съезге Қызылорда облысынан Өңірлік кеңестің 7 мүшесі делегат болып қатысты. Олар: Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов, кеңес мүшелері Жаңабай Бекішев, Нұрлан Іздібаев, Раушан Базарбай, Болат Нұрхожаев, Бейбітәлі Тілеулиев, Дина Махатова, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Съезд офлайн өтті. Қатысушылар 9 мәселені талқылады. Палатаның атқарылған жұмысының есебі, трансформациядан кейінгі Ұлттық палатаның жаңа тәсілдері қаралып, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында өңірлік кәсіпкерлер палатасын құру туралы шешім қабылданды.

Съезд аясында делегаттар Ұлттық палата ұсынған трансформацияның жаңа тәсілдерін қолдады. Дауыс беруге 307 делегат қатысты, оның 6-ауы қалыс қалды, 17-сі қарсы, қалған 284 делегат қолдап дауыс берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер