«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП басшылығы кәсіпкерлерді Республика күнімен құттықтады

2022 жылғы 21 Қазан
8982 просмотров

Республика күніне орай отандық бизнес-қоғамдастықтың ең белсенді өкілдері бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында медальдар, Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов кәсіпкерлерді марапаттап, Жаңа Қазақстанды құру жағдайында Ұлттық палата алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Бұл міндеттер бизнес-қоғамдастықтың белсенді атсалысуы арқылы ғана жүзеге асады.

 «Өзінің күнделікті еңбегімен бизнесті дамытуға, оның ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасауға үлес қосып, еліміздің, отандық кәсіпкерліктің болашағына жанашырлықпен қарайтын барлық азаматқа алғыс айтуға бүгін мүмкіндігім барына қуаныштымын», – деді Палата басшысы.

«Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Гүлнар Құрбанбаева Ұлттық палатаның кәсіпкерлерге деген жылы қарым-қатынасын атап өтті.

 «Атамекен» тарапынан қолдау сезіледі, мәселелерді бірлесіп шешуге деген ниеттестік бар. Осы мәселелерді барынша тезірек шешу керек. Сондықтан күнделікті күйбең тіршілікпен қатар ел игілігі үшін жұмыс істеп, дамуына үлес қосқан азаматтарды атап өтуге болатын мерекелердің болғаны қандай жақсы», - деді Гүлнар Құрбанбаева.

Мерекеге орай марапатталған азаматтар арасында отандық кәсіпкерлерді белсенді қолдайтын Парламент депутаттары, атап айтқанда,  Дәурен Әділбеков, Азат Перуашев, Аманжан Жамалов, сондай-ақ Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов болды.

Ұлттық палатаның «Ісіне адалдығы үшін» медалімен барлығы 22 адам марапатталды. Бірқатар азаматтарға құрмет грамоталарымен және алғыс хаттар табысталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер