«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Референдум Конституцияның баптарын халық болып таңдауға мүмкіндік береді – Пірмұхаммед Сыздықов

2022 жылғы 30 Мамыр
- Қызылорда облысы
6463 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері аймақтағы кәсіпкерлік нысандарда Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіріп жүр.

«5 маусымда өтетін референдум туралы ақпараттық материалдар жеткілікті. Дегенмен кей азаматтың танысып шығуға уақыты немесе мүмкіндіктері болмауы мүмкін. Кездесулерді сол үшін де жұмыс орындарында ұйымдастырып жатырмыз», – дейді Палата директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Палата мамандары бүгінге дейін екі мыңнан астам адаммен кездесті. Бұл шаралар облысқа қарасты барлық аудан мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында да жүргізіліп жатыр.

«Кей кездесулерде «кімге дауыс беру керек» деген сұрақтар қойылды. Біздің мақсатымыз - азаматтарды референдумға келіп, өз таңдауларын жасауға шақыру. Сол үшін түсіндірмені жасаған дұрыс деп санаймын. Өңірлік кеңес мүшелігіндегі кәсіпкерлер де күн сайын аудандарда ауылдарды аралап жүр. Референдум Конституцияның баптарын халық болып таңдауға мүмкіндік береді. Ел үшін маңызды шарада үлес қосу – азаматтық міндетіміз», – деді Пірмұхаммед Сыздықов.

Кездесулерде кәсіпкерлерге Конституцияға енгізілетін өзгерістер жазылған ақпараттық парақшалар таратылып жатыр. Сондай-ақ, аталған шараларда қолданыстағы салаға қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері жөнінде ақпараттар берілді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер