«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада жыл басынан бері 6 кәсіпкер жеңілдетілген несие алды

2022 жылғы 12 Қаңтар
- Қызылорда облысы
8252 просмотров

Жыл басынан Atameken Qyzylorda микоқаржы ұйымы арқылы жалпы құны 28,2 млн теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Палата, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Atameken Qyzylorda микроқаржы ұйымы қалыпты режимде жұмыс жасап жатқанын жеткізді.

«Өткен жылдың тамызынан жұмысын бастаған Atameken Qyzylorda микроқаржы ұйымы арқылы жалпы құны 304,2 млн теңгені құрайтын 82 жоба қаржыландырылды. Айта кету керек, ұйым «Бастау Бизнес», «Бизнес мектеп» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында соңғы 3 жыл ішінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыған сертификаттары бар азаматтарға жеңілдетілген несие береді. Аймақтардан Сырдария мен Жалағаш аудандарының тұрғындары белсенді. Жалпы қаржының 45 пайызын осы аудандағылар алды», – деді Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Еске салайық, несиені кез келген салада бизнесті дамыту үшін алуға болады. Тек микроқаржы ұйымы несиені тұтынушылық мақсатқа, бұрын алған несиені өтеу, несие берешегін қайта қаржыландыруға, жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға бермейді.

Несие 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі.

Ауылдық жерде тұратын азаматтар Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына арқылы өтінім бере алады.

Қызылорда облысындағы Atameken Qyzylorda микроқаржы ұйымы Қызылорда қаласы Қорқыт ата көшесі 123 «Бизнеске арналған Үкімет» ғимаратының 3-қабаты 316-кабинетінде орналасқан.

Несиелендіруге қатысты барлық сауал бойынша 8 /7242/ 40-09-81, ішкі нөмірі 4330 арқылы хабарласа аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер