«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ЖОО-ДА КӘСІПКЕРЛІК ҚҰЗІРЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2021 жылғы 14 Мамыр
- Алматы қаласы
16824 просмотров

Жаһандану жағдайында қазақстандық жастар арасындағы кәсіпкерлік құзірттерді дамыту деңгейін ашуға деген ұмтылыс.

Дүниежүзілік білім беру кеңістігінде бүкіл жоғары білім беру жүйесінде және университеттердің ұйымдастырушылық құрылымында түбегейлі өзгерістер орын алуда - олар үшінші буын университеттеріне айналуда: жобалық-бағытталушы, инновациялық, кәсіпкерлік.

Осы мәселені талқылау үшін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Әбілшайықов Нариман Бақтыбайұлының және Тұран Инновациялық-кәсіпкерлік Университетінің экономикалық факультеттің деканы, доцент Дина Разакованың пікірлері қарастырылды.

- Неліктен білім кеңістігінде кәсіпкерлік құзыреттіліктің қалыптасуы бүкіл әлемде қарқын алуда?

- Заманауи мемлекеттің тиімді экономикасындағы басты тенденция - бұл жастар кәсіпкерлігін дамыту. Кәсіпкерлік сапалардың болуы, қалыптасуы және дамуы тұрғысынан алғанда, жастар ортасы қоғамдағы ең дайын әлеуметтік топ болып табылады. Жастар - бұл халықтың жоғары мобильділігімен және қоғамдағы ерекше рөлімен сипатталатын белгілі бір әлеуметтік-демографиялық топ. Ол қоғамда күтілетін құндылықтар мен мінез-құлық инновацияларының ең маңызды көзі, өмірге жаңа көзқарас пен өзін-өзі жүзеге асыру тәсілінің қабылдау дәрежесі туралы куәландыратын жаңа моральдық-этикалық құндылықтардың ең жігерлі тасымалдаушысы және мултипликатор ретінде қарастырылады, олар өмірге деген жаңа көзқарастың қабылдау дәрежесі және өзін-өзі жүзеге асыру тәсілі туралы куәландырады, - Нариман Әбілшайықов.

- Ия, шын мәнінде инновациялық - кәсіпкерлік ЖОО - бұл білім беру қызметтерінің ғаламдық нарығының негізгі тенденциясы, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инновациялық - кәсіпкерлік типтегі университеттер білім беру, ғылыми-зерттеушілік және өндірістік орындарға айнала отырып, білім беру саласындағы экономика мен бизнестің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырады. «Тұран» университеті инновациялық – кәсіпкерлік болып табылады, өйткені кәсіпкерлік - бұл экономиканың да, қоғамның да қозғаушы күші. Кәсіпкерлік білім қоғамда кәсіпкерлік ой-өрістің қалыптасуына, сонымен қатар, жаңа кәсіпорындардың құрылуына және қолданыстағы білім мен дағдылардың шығармашылық әлеуетін тиімді пайдалануға септігін тигізеді.  Барлық студенттердің кәсіпкерлік қызметіті жүзеге асыруға дайын болу университеттің басты мақсаты болып табылмайды, дегенмен, нарықтық экономика жағдайында, біздің ойымызша, әрбір азамат, сонымен қатар жоғары білімді маман тұрақты кәсіпкерлік құзыреттер және инновациялық ойлау қабілеті қалыптасуы қажет, - деді экономикалық факультеттің деканы Разакова Дина.

- Жастар арасында инновациялық-кәсіпкерлік ойлаудың қалыптасуына қандай жағдайлар септігін  тигізеді?

- Кәсіпкерліктің маңыздылығын түсініп, құрылымдық және мінез-құлықтық өзгерістерді ескере отырып, бірқатар елдер кәсіпкерлік ой-өрісті дамыту үшін көптеген күш-жігер жұмсады, әсіресе жастар мен университет түлектері арасында. Білім кеңістігін қолдау бойынша кең ауқымды шаралар әзірленді, атап айтқанда, университеттер кәсіпкерлікті оқытуға және инновациялық бизнес құруға және дамытуға қабілетті білікті мамандар даярлауға бағытталған белгілі бір білім беру бағдарламалары арқылы үлес қосады. Қазақстандық тәжірибеде жастардың бойында инновациялық - кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруда келесі негізгі сипаттамалар ескеріледі: кәсіпкерліктің құндылығын, кәсіпкерлік ойлау әдісі мен қызмет түрін сезіну; кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға септігін тигізетін білім және дағдыларды игеру; ЖОО ішіндегі және оның айналасындағы кәсіпкерліктің экожүйесін қалыптастыру, соның ішінде кадрларды, инфрақұрылымды, кәсіпкерлік тақырыптары үшін өзіндік «тарту орталығы» ретінде қызмет ететін жағдайлар ағымын, - деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.

- «Тұран» университетінің студенттері арасында инновациялық - кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру жүзеге асырылады: біріншіден, кәсіпкерлік модулінің пәндерін игеру негізінде студенттерге кәсіпкерлікке қажетті білім, білік және дағдыларды беру арқылы; екіншіден, ғылыми қызметтің нәтижелерін, ғылыми-техникалық парктерді, технологиялар трансферті орталықтарын коммерциализациялау үшін жағдайлар жасау, тиімді патенттік-лицензиялық саясатты әзірлеу және енгізу, бизнес-инкубаторларға, спин-аут және стартап-компанияларды дамытуға негізделген білім және технологиялар трансфертін кеңейту, ПОҚ мен студенттердің арасында кәсіпкерлік мәдениетін арттыру арқасында студенттерде кәсіпкерлік және инновациялық қабілеттерін қалыптастыру арқылы, - деді экономикалық факультеттің деканы Дина Разакова.

- Кәсіпкерлік құзыреттілікті қалыптастыруда негізгі экономикалық білім қажет пе?

- «Тұран» университеті өз бетінше кәсіпкерлік қызметке дайын студенттердің тәжірибеге бағытталған білімі мен дағдылары жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Кәсіпкерлік құзыреттілікті қалыптастыруда экономикалық білімнің болуы табыстың негізгі факторы болып табылмайды. «Тұран» университетінде барлық білім беру бағдарламалары, жалпы, білім беру процесі кәсіпкерлік көзқарас пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Білім беру контенті шығармашылық, жаңашылдық, жобаларды жоспарлау және басқару қабілеттерін қалыптастыратын кәсіпкерлік модульдерді қамтиды. Біздің ойымызша, кәсіпкерлік білімі бизнесті жүргізуді үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар, шығармашылық ойлауды ынталандыруға және мамандыққа қарамастан өзін-өзі бағалау мен өз мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, - деп қорытындылады экономикалық факультеттің деканы Дина Разакова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер