«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Таразда 150 кәсіпкерлік нысаны "Ashyq" қосымшасымен жұмыс істеуде

06 Мамыр 2021 - Жамбыл облысы
1671 просмотров

Таразда «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарға қандай жеңілдіктер қарастырылған? Бұл туралы Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұралы Ергебаев өңірлік коммуникациялар алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингта айтып берді.  Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы тұрақты түрде "Ashyq" мобильді қосымшасын енгізу қажеттілігі туралы күнделікті кәсіпкерлік субъектілерін хабардар етіп отырады. Сондай-ақ, "Ashyq" жобасының қатысушылар тізімі Жамбыл облысы әкімдігінің сайтына орналастырылған (сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/193441?lang=ru). Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуіріндегі №18 Қаулысына сәйкес жұмыс істеу алгоритмі жайлы толыққанды жазылған болатын.

 

«Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі

1. Кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, барлық жаңа қатысушылар үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер осы қосымшаға 1-схемаға сәйкес InfoKazakhstan.kz сайты арқылы беріледі.

2. Кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану объектілері үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер осы қосымшаға 2-схемаға сәйкес салалық қауымдастық арқылы беріледі.

3. Өтінім беруден бастап тізімді әкімдіктің сайтында орналастыруға дейінгі барлық процесс күнтізбелік 9 күннен аспауы тиіс.

4. «Ashyq» жобасына қатысудан бас тартуға мыналар:

1) объектінің ЭҚЖЖ кодына сәйкес келмеуі;

2) қайта басталмаған қызмет түрі;

3) рұқсат беру құжаттарының (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, қызметтің басталғаны туралы хабарлама) болмауы негіз болып табылады.

5. Мына субъектілер (объектілер) жобаның ерікті қатысушылары бола алады:

1) қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және COVID-19-дың таралуын барынша азайту үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын орнатуды қарастыратын қызметіне рұқсат берілген (мысалы, ЖОО, банктер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жеке медициналық орталықтар және басқалары);

2) оларға қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі қызметке қойылатын талаптар бар объектілер.

6. «Ashyq» жобасына ерікті қатысушыларға қатысты осы қаулыға 4-қосымшада көзделген жеңілдіктер қолданылмайды.

7. Сондай-ақ жобаға ерікті қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктердің сайтында  орналастырылады

«Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі

1. «Ashyq» жобасына енгізілген объектілерде кәсіпкерлік субъектісі келушілердің мәртебесін QR-код немесе ЖСН бойынша тексереді.

2. Кәсіпкерлік субъектісі объектіде «сары/қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды («сары/қызыл» мәртебесі бар скриншот) ұсына отырып, мобильді байланыс, электрондық пошта арқылы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – СЭБК АД) факті туралы хабарлайды/хабарлама береді.

3. Жобаға қатысатын объектілерге келушілерді жіберу келушінің мәртебесін айқындау үшін келуші арнайы QR-кодты сканерлеп, объектіге кіреберісте көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады:

- «жасыл» мәртебе – келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен немесе екі компонентпен вакцинацияланған адам ретінде белгіленген;

– «көк» мәртебе – ПТР тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде саналмайды;

– «сары» мәртебе – деректер базасында COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген;

– «қызыл» мәртебе – базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «ауру жұқтырған» - U 07.2 коды мәртебесі бар пациенттер.

4. Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің келісімімен оның мәртебесін ЖСН бойынша ақпараттық жүйеде тексереді.

5. Жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілер жіберілмейді.

6. «Ashyq» жобасына қатысушылар «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің және осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

7. СЭБК АД-ы амбулаториялық-емханалық көмек ұйымымен бірлесіп кәсіпкерлік субъектісінен және/немесе «Ashyq» мобильді қосымшасының ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – «Ashyq» АЖ) ақпарат алғаннан кейін оқшаулауға жататын жеке тұлғаның тұратын (болатын) жерін үй карантині кезінде, оның ішінде COVID-19-дың симптомсыз түрлерімен ауыратын пациенттерді  қашықтықтан бақылауға арналған мобильді қосымша арқылы, сондай-ақ COVID-19 веб-қосымшасы арқылы анықтайды.                         

8. «Ashyq» АЖ-нің «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға COVID-19-ға ПТР-дың оң талдауының болуы және 14 күндік үй карантинін сақтау қажеттілігі туралы смс-хабарлама (хабарлама) жіберіледі.

9. «Сары» мәртебесі бар жеке тұлғаға «Ashyq» АЖ COVID-19 жұқтырған адаммен жақын байланыста болғаны туралы және 14 күндік үй карантинін сақтау қажеттігі туралы смс-хабарлама (хабарлама) жібереді.

10. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 102-бабының 3-тармағына және 104-бабы 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес «қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар жеке тұлғаға беру фактісі тіркеле отырып, оған қатысты тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің оқшаулау (емдеу) қажеттілігі талаптарымен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы шығарылады.

11. Айналасындағылар үшін қауіпті болып табылатын ауруды жасырған жағдайда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Осы тармақтың күші «сары» мәртебесі бар адамдарға қолданылмайды.

12. Объектіге бару фактісі қайта анықталған кезде жеке тұлғаға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.

13. «Ashyq» АЖ-да «сары/қызыл» мәртебесі бар келушінің объектіге келу фактісі тіркелген кезде мәліметтер онлайн режимде СЭБК АД-на беріледі.

14. СЭБК АД іс-шараларды осы қосымшаның 7, 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

15. «Ashyq» жобасына қатысушылардың шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілері анықталған жағдайда іс-шараларды Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану жөніндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес мониторингтік топтар жүзеге асырады.

16. «Сары» мәртебесі бар (немесе байланыста болған) адамдар COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн өткен соң «көк» мәртебеге ауыстырылады.

17. СЭБК АД-ның бұйрығымен кәсіпкерлік объектілерімен және «Ashyq» АЖ-мен жедел өзара іс-қимылды үйлестіруге және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар тағайындалады.

18. Келушінің объектіден (Сheck-out) шығуын тіркеу талап етілмейді.

19. COVID-19-ға ПТР-тестілеудің теріс нәтижелері бар байланыста болған адамдарда COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап 14 күн өткенге дейін «сары» мәртебесі сақталады.

Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі

1. «Ashyq» жобасына қатысушылар жобадан мынадай негіздер бойынша шығарылады:

1) мониторингтік топтың объектіде жобаға қатысуға қойылатын талаптардың бұзылуын растайтын фактілерді анықтауы;

2) объекті келушілерге 3 күннен артық check-in жүргізбейді.

2. Қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы мониторингтік топтың нәтижесі бойынша жобаға 2 аптадан ерте орала алмайды.

3. Мониторингтік топтың нәтижесі бойынша жұмыс алгоритмін қайталап  бұзған қатысушы жобаға 2 айдан ерте орала алмайды.

 «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары

Объектілер/салалар

Қызыл аймақ

Сары аймақ

Жасыл аймақ

  1.  

 Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

ü

Толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 Жазғы алаңдар

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

сағат 7.00-ден 2.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Фуд-корттар

ü

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Банкет залдары

ü

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 50%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

ü

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 50%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

  1.  

Сауналар

+

+

+

  1.  

СПА-орталықтар

+

+

+

  1.  

Бассейндер

+

+

+

  1.  

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

+

+

+

  1.  

 Мәдениет объектілері (дайындық)

ü

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

ü

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

ü

100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

  1.  

 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *

ü

30%-дан асырмай толтыру

ü

40%-дан асырмай толтыру

ü

50%-дан асырмай толтыру

  1.  

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

ü

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

+

  1.  

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

ü

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

ü

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

+

  1.  

Бильярд

ü

сағат 12.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде

ü

сағат 12.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс режимімен 50% - дан артық емес толтырылған кезде

ü

50%-дан асырмай толтыру

  1.  

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

ü

сағат 12.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 16 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

ü

сағат 12.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 16 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

ü

50%-дан асырмай толтыру

  1.  

Боулинг

ü

сағат 12.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде

ü

сағат 12.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде

ü

50%-дан асырмай толтыру

  1. с

Караоке

ü

50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

  1.  

Океанариум

ü

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

ü

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

ü

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

  1.  

Көрмелер

ü

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушілерден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

ü

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 200 келушілерден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

ü

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 250 келушілерден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

  1.  

Марафондар (ашық ауада)

ü

30 адамнан артық емес

ü

50 адамнан артық емес

ü

100 адамнан артық емес

  1.  

Көрермендермен спорттық іс-шаралар

ü

20%-дан артық емес толтырылған кезде

ü

30%-дан артық емес толтырылған кезде

ü

50%-дан артық емес толтырылған кезде

  1.  

Ерікті қатысушылар (ЖОО, киноиндустрия, банктер, ұйымдар, офистер және басқалар)

жеңілдіксіз

 

жеңілдіксіз

 

жеңілдіксіз

 

«+» - қызметіне рұқсат етілген;

 «ü« - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);

«-» - қызметіне тыйым салынған;

* -  толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.

Еске салсақ, «Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодын қолдану және ПТР базасымен интгерация арқылы келушінің індетке шалдығу статусын анықтауға көмектеседі. Нысанға келуші өз телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп алуы тиіс, телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ді енгізу керек. Нысанға кіре берісте кіруді тіркеу үшін нысанның QR-кодын сканерлеу керек. Экранда статус көрінеді. 

Келушінің қолында смартфоны болмаған жағдайда немесе қосымшаны жүктеуде қиындықтар туындаса, нысандағы жауапты қызметкерге қосымшада арнайы рөл беріледі, қызметкер келушінің ЖСН-і арқылы оның нысанға кіруін тіркей алады. «Ashyq» мобильді қосымшасы ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен  отандық ІТ-компания әзірлеген.

 «Ashyq» пилоттық жобасына қатысу үшін қатысушылар тізіміне тіркелу қажет (жауапты маман – Бакдаулет, тел: +7 775 701 7564, Данияр +7 702 953 6888), ары қарай QR-кодты алу нұсқаулығын алып, қала әкімдігінің ресми сайтындағы қатысушылар тізімін күту керек.

 


Серіктестер