«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда «сары аймақта»: жаңа қаулы шықты

2021 жылғы 13 Сәуір
- Қызылорда облысы
4550 просмотров

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова 13 сәуірде биыл жылдағы 8 қаулыға қол қойды.

Жаңа қаулыға сай облыстың «сары аймақта» орналасқаны ескеріле келе, бірқатар шектеу, оның ішінде карантиндік шаралар енгізілді. Бұл материалда кәсіпкерлерге қатысты жаңалықтарды қамтуға тырыстық.

Тыйым салынды:

- ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, «ауыз ашар» т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;

- кальянды пайдалануға;

- банкет залдарының жұмысына;

- бильярд, боулинг, компьютерлік клубтардың, түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне;

- балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне;

- мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге;

- балалардың ойын-сауық орталықтарының (жабық үй жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар) жұмысына;

- көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен рұқсат етілді:

- балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша;

- қоғамдық көлік жұмысына (қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтырумен);

- банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмысына уақыт бойынша шектеумен, 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- ұйымдар, офистердің жұмыстарына 50% - күндізгі режиммен;

- қоғамдық тамақтану объектілеріне (үй-жайда) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге;

- сауналар жұмысына (жексенбіден басқа);

- толтырылуы 20%-дан артық емес етіп театрлар, кинотеатрлар, концерт залдарының жұмысына;

- балалардың түзету кабинеттерінің жұмысына;

- алдын ала жазылу бойынша стоматология, медициналық орталықтар, кабинеттер жұмысына;

- толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына;

- толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес етіп қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың жұмысына.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер