«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкенттің бизнес ханымдары донорлық акцияға қолдау білдірді

2021 жылғы 13 Сәуір
- Шымкент қаласы
11855 просмотров

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері «Өмір тамшысы» («Капля жизни») акциясына қатысып, ерікті донорлар қатарын толықтырды.

Челлендж Маңғыстау облысындағы кәсіпкер әйелдер бастамасымен қолға алынып, акцияны Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарындағы әріптестер қолдау білдірді, енді шымкенттік бизнес ханымдар да игі іске атсалысып жатыр.

 Қалалық қан орталығында үш күн қатарынан донорлыққа 20 шақты кандидат сауалнама толтырып, тіркеуден өтіп, қанға экспресс талдау жүргізді. Қан өткізу процедурасына біршама уақыт жұмсалды. Орталық жабдықталған заманауи жабдық, жайлылық, мамандардың кәсібилігі, қызмет көрсетудің жолға қойылуы арқылы бүкіл процедураға 1 сағат уақыт кетті.

 Бизнес ханымдардың айтуынша, олар медицинаның дамуына қарамастан адам өмірін сақтап қалуға себеп болатын қан өткізу бастамасына атсалысуға бел буған.

 «Қан – қан құюға зәру, қатты науқас балалар мен ересектерге алдын ала көмектесуге болатын бірден бір ресурс. Көбіміз қанды алғаш рет тапсырып отырмыз, бір донор үш өмірді сақтап ала алады. Біз үшін басты сыйлық осы», – деді Шымкент қаласы ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева.

«Осы қан жаңа туған нәресте мен 90-нан асқан адамдарға қажет екенін, қан өткізу арқылы басқа адамдардың өмірін сақтап қалуға болатынын түсінген кезде, эмоцияларға берілесің. Ал процестен алынған әсер, игі іс жасаудың эйфориясына бөлейді. Сондықтан басқа кәсіпкерлерді акциямызға қосылуға шақырамыз да жақсылық эстафетасын Түркістан облысындағы әріптестерімізге жолдаймыз», – деп атап өтті бизнес ханым  Жанна Елтаңова.

Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қан өткізуден бөлек, сондай-ақ балалар үйлеріне көмектесіп, балаларды мектепке дайындайды, қиын өмірлік жағдайға қалған отбасыларға көмек қолын созады. Белсенді кәсіпкер әйелдер Арыстағы төтенше жағдай, коронавирус салдарынан локдаун кезеңінде де белсенділік танытып, жарылыстан зардап шеккен арыстықтарға гуманитарлық көмек жинау, коронавируспен күресуге қатысатын ауруханаларға арналған дәрі-дәрмектер мен жабдық жинауды ұйымдастырды. Іскер әйелдер сонымен қатар жыл сайын өз қаражаттарына ағаш отырғызып, кәсіпті енді қолға алған қыз-келіншектерге жәрдемдеседі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер