«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық азық-түлік дүкені республикалық байқауда үшінші орынға ие болды

2021 жылғы 06 Сәуір
- Қызылорда облысы
4568 просмотров

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова айтты.

         ҚР Сауда және интеграция министрлігі, «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығы ұйымдастырған республикалық «Адал ниетпен – 2021» байқауында оңтүстік өңірлердің арасында Қызылорда қаласындағы кәсіпкер Нұршат Асқарқызының (ЖК «Нұршат») «Billion Market» дүкені жүлделі 3-орынмен марапатталды.

Байқаудың мақсаты – темекі өнімдерін сататын сауда кәсіпорындары немесе тұрмыстық дүкен иелерінің, сатушылардың жауапкершілігін арттыру, 21 жасқа толмаған жастар мен жасөспірімдерге сатуға болмайтындығын насихаттау, адал кәсіпкерлердің тәжірибесін өзге де өңірлердегі әріптестеріне тарату және т.б.

Байқауға қатысушылар 5 өңірге бөлінді: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс және республикалық маңызы бар қалалар. Оңтүстік өңірлер арасында байқауға қатысқан 22 сауда орындары арасында екі қызылордалық дүкен бар. Олардың бірі - «Billion Market» дүкені жүлдегер атанса, екіншісі «Көктем» дүкені алғыс хатпен марапатталды.

Ұйымдастырушылар қызылордалық кәсіпкерлерді байқауға қатысуда сүйемелдеу жасап, әдістемелік көмек көрсеткен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Таңатова Гүлдана Яхияқызына да алғысын білдіріп, Құрмет грамотасымен марапаттады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер