«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда: Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесіне жаңа басшы сайланды

2021 жылғы 31 Наурыз
- Қызылорда облысы
5551 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен кеңес төрайымы болып Абдраймова Гүлзағира Оралбайқызы сайланды.

Гүлзағира Оралбайқызы 1965 жылы дүниеге келген. 1984 жылы Қызылорда политехникумын «құрылысшы техник» мамандығы, 1989 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда филиалын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы «Проект» кооперативінде инженер-сметашы болып бастаған Гүлзағира Абдраймова бұдан кейін «Қызылорда құрылыс» трестінде инженер, «Промстройпроект» ЖШС-нің өңірлік өкілі, «Мелиоратор» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, «Абзал Проект Консалтинг» ЖШС жобалық топ басшысы, «Құрылыс материалдарымен жабдықтау басқармасы» ЖШС директор қызметтерін атқарған. 2016 жылдан бастап «Казспецстройэкспертиза» ЖШС директоры.

Гүлзағира Оралбайқызы негізгі кәсіпкерлік қызметінен өзге салаға қатысты қоғамдық ұйымдардың да белсенді өкілі. Сараптама ұйымдары палатасының өңірдегі өкілі, 2019 жылдан бастап «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің мүшесі, 2020 жылдан бастап Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі.

Құрылыс саласындағы еңбегі үшін «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен, облыс әкімінің алғыс хаты мен қала әкімінің Құрмет грамотасымен және т.б. марапатталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер