«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласының тұрғыны жеке бизнесін ашуға 500 000 теңге көлемінде грант ұтып алды

2021 жылғы 25 Наурыз
- Алматы қаласы
11579 просмотров

«Кәсіпкер – ана» әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау мақсатымен ұйымдастырылған білім беру бағдарламасының пилоттық маусымының финалы өтті.

Қазақстандағы «Кәсіпкер-ана» бағдарламасының ұйымдастырушылары Amway қайырымдылық қоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер Қауымдастығы, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы» қауымдастығы болып табылады.

Бірінші маусымға қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары, көп балалы және асырап алушы аналар шақырылды. Қатысу үшін осы категорияларға кіретін кәмелетке толмаған балалардың аналары өздерінің бизнес-идеяларын сипаттауы керек еді. Бағдарламаға қатысуға барлығы 521 өтінім келіп түсті, конкурс бір орынға 20 адамды құрады. Өтініш берушілердің идеялары көбінде тігін және тамақ өндірісі, ересектер мен балаларға қосымша білім беру саласындағы жобаларды құрады.

Тренинг онлайн форматта ұйымдастырылды, бұл ірі қалалардың тұрғындарына ғана емес, шалғай елді мекендерде тұратын аналарға да тегін оқудан өтуге мүмкіндік берді. Он төрт күн бойы қатысушылар өнімді құру және маркетинг негіздерін, қаржылық және салықтық сауаттылықтың нюанстарын зерттеді, жеке бизнес-жоспар құру бойынша жұмыс жасады және аймақтың бизнес-сарапшыларынан жобаларды таныстыру дағдыларын үйренді.

Жеңімпазды таңдау қиынға соқты - финалға өте өршіл және перспективалы бизнес-жобалар шықты: жеуге жарамды гүл шоқтарын, Крафт ірімшігін, трикотаж киімдерін, торттарды және әлеуметтік тақырыптарға подкасттарды өндіру, шағын кондитерлік дүкендер, қазақ тілді халықты ағылшын тіліне оқытуға арналған сайт, шетелдіктерді орыс тіліне онлайн оқыту және тағы басқалар.

Бизнес-жобалар байқауында бірінші орынды мектеп жасына дейінгі және денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған фетр мен матадан жасалған әдістемелік құралдарды өндіру «Алақай» жобасымен Джерембаева Айнұр ұтып алды. Ол Amway «В ответе за будущее»  қайырымдылық қорынан  500 000 теңге көлемінде өз жобасын іске асыруға грантты иеленді.

Айнұр Джерембаева, Қазақстандағы «Кәсіпкер-ана» бағдарламасының пилоттық маусымының жеңімпазы: «Бұл идеяны мен көптен бері ойлап жүрдім. Өзім дефектологпын, Алматы қаласының сөйлеу түзету орталығындағы мишық стимуляциясы бойынша маманмын. Ұсақ моториканы дамытуға және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін арнайы құралдардың қаншалықты қажет екенін басқалардан артық білемін. Соңғы бірнеше жыл ішінде мен барлық дүкендер мен интернет - сайттардан қажетті құралдарды іздедім. Тиісті құралдарды таппай, 1,5 жастан асқан балаларға көмектесетін өз өнімімді жасау идеясы пайда болды. Әріптестерім «Кәсіпкер-ана» жобасы туралы айтты, өтінімімді тіркедім. Жобаның арқасында қолмен жасаған құралдарымды енді оны қажет ететін барлық балалар жететіндей мөлшерде шығаруға мүмкіндік алдым. Жеңісіме өте қуаныштымын. Алған білімім мен грант маған осы идеяны іске асыруға көмектесетіні сөзсіз. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз».

«Кәсіпкер – ана» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі білім беру бағдарламасы кәмелетке толмаған балалар мен декреттік демалыстағы аналарға арналған. Оларға өз бизнесін бастап отбасына қамқорлық көрсету мен кәсіби тұлғалық дамуды қатар алып жүруді үйренуге көмектеседі. Бағдарламаның Ресейде 8 жылдық тарихы бар және бүгінгі таңда ол Ресей Федерациясының 69 аймағында жүзеге асырылуда.

Анна Сошинская, «В ответе за будущее» Amway қайырымдылық қорының президенті: «Кәсіпкер-ана» бағдарламасы бір орында тұрмайды, үздіксіз дамуда. Биыл біз халықаралық аренаға шықтық, бірақ оны өте күрделі кезеңде өткіздік. Бізге дәстүрлі форматқа кейбір өзгерістер енгізуге тура келді - біз бағдарламаны алғаш рет онлайн форматта өткіздік, шетелдік жаттықтырушыны шақырдық және шекарамызды кеңейтіп, республиканың барлық аймақтарынан өтініштер қабылдадық. Алғашқы күндерден ақ біз қазақстандық аналардың белсенділігін, олардың оқуға ашықтығын және алға қойған мақсатты іске асыруға деген ұмтылысын көрдік. Әрине, бұл бізді қатты  қуантты".


Еншілес ұйымдар

Серіктестер