«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалықтарға кәсіппен айналысуға жеңілдетілген несие ұсынылады

2020 жылғы 07 Қазан
- Қызылорда облысы
4062 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Гаухар Елеусінова айтты.

«Қазір облыста «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс аумағындағы кәсіпкерлерді шағын несиелендіру жұмыстары басталуда. Қаржыландыратын «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы. Бағдарлама бойынша берілетін несиенің сомасы 5 млн.теңгеден 10 млн.теңгеге дейін. Мерзімі 5 жылға», - дейді Палата маманы.

Шағын несиенің пайыздық мөлшерлемесі 17,5%. Оның ішінде инвестициялық мақсатқа берілетін несие бойынша бастапқы 3 жылға, ал айналым қаражатына берілетін шағын несиенің бастапқы 2 жылға пайыздық мөлшерлемесін мемлекет тарапынан 11,5 %-ға субсидиялау қарастырылған. Яғни инвестициялық мақсатқа берілген несиелердің бастапқы үш жылында, ал  айналым қаражатына берілетін несиенің  бастапқы екі жылында кәсіпкер пайыздық мөлшерлемені 6 %-бен төлесе, мемлекет тарапынан 11,5 %-ы субсидияланады.

«Бағдарлама аясында несие алуға ниет білдірген азаматтар Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы мен аудандардағы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен қажетті сауалдарына жауап бере алады. Қызылорда қаласында Кәсіпкерлер палатасы мен «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы Қорқыт ата 123 мекен-жайында орналасқан», - дейді Гаухар Елеусінова.

Айта кетейік, 5 қазаннан бастап Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы енді Сіздерге Қызылорда қ-сы, Қорқыт ата 123 мекен-жайында (ғимарат сыртында "Азаматтарға арналған Үкімет" деп жазылып тұр) қызмет көрсетеді. Бірінші қабатта Палатаның Кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы орналасқан, 3-қабатта:

- 303-кабинетте қабылдау бөлімі;

- 301-кабинетте Агроөнеркәсіптік кешен бөлімі;

- 302-кабинетте Адами капиталды дамыту бөлімі;

- 304-кабинетте Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімі;

- 310-кабинетте Мәжіліс залы;

- 315-кабинетте Әкімшілік бөлімі мен сертификацияның мамандары;

- 321-кабинетте Жобаларды сүйемелдеу бөлімі орналасқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер