«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қолдау шараларының тиімділігін бизнестің өзі бағалауы тиіс

2020 жылғы 21 Қыркүйек
4271 просмотров

«Атамекен» басшысы төрт күнге жалғасқан кездесулер (15-18 қыркүйек аралығы) барысында төтенше жағдай, локдаун және карантиннен кейінгі кезеңде бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық палата қолға алған шаралар туралы айтты. Жиындар барысына Қазақстанның түпкір-түпкірінен 463 кәсіпкер қатысты

 Мәселелер ауқымы кең болды, осы ретте келесі тақырыптар: пандемиядан кейін бизнесті қолдау және қалпына келтіру шаралары, АӨК саласы, жер қойнауын пайдаланушылар және «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуларына қатысты мәселелер, жергілікті қамтуды дамыту, утилизациялық алым мәселелері, салық салу және меншікті нарықты қорғау бойынша мәселелер жиірек көтерілді.

 «Өңірлермен кездесулер өткізу жиілігі кәсіпкерлер – сіздермен «кері байланыс» орнатудың маңыздылығын көрсетті. Өңірлік бизнеспен ағымдағы жылда алғашқы кездесу нәтижесі бойынша мәселелер жиыны Премьер-Министр деңгейінде қаралды. Соның нәтижесінде 84 түйткілді мәселе ішінде 41 мәселе шешімін тапты, қалғаны мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және жергілікті атқарушы органдардың бірлесуімен шешілу деңгейінде. Бизнес өкілдерімен онлайн-кездесулер форматы тұрақты өткізілетін болады», – деді Тимур Құлыбаев.

 Жүзден астам мәселе Ұлттық палата басқармасы және өңірлік палаталар директорларының жұмысына алынды.

 БҚО кәсіпкерлері ет өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесіне қатысты дабыл қағуда. «Кублей» ЖШС директоры Талғат Берекешев атап өткендей, АӨК мемлекеттік қолдауға қарамастан қажетті қарқында дамымай жатыр.

 «АӨК-ті 2017-2021 жылдарға дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алдында өңделген өнім экспорты көлемін 2,5 есе арттыру бойынша міндеті қойылған. Осы ретте Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімнің 80 пайызы шикізат түрінде еш өңдеусіз экспортталады. Мәселен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша ет өңдейтін кәсіпорындар қауттылығының жүктелуі 2019 жыл ішінде небәрі 30-40%-ды құраған», – деді Талғат Берекешев. – Демек, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке үй шаруашылықтары ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге сатуға мүдделі болады, әйтпесе табыстан 21 пайыз салық төлеуге міндетті болады. Бұл норма ауыл шаруашылығы малын өсіруді тежейді, жеке тұлғаларды ауыл шаруашылғы өнімін сатуда шектейді, сонымен қатар өңдеу зауыттарының жүктелуін көтеруде кедергі болады».

 Цифрлық өнімдері тақырыбын жалғастыра отырып, кездесу барысында «Qoldau» ақпараттық жүйесін пайдалануға абонеттік төлем тарифін жоғарылату мәселесі көтерілді, бұл мәселені бизнес  Премьер-Министрдің жетекшілігімен өткен өңірлерді дамыту жөніндегі жиында көтерді.  ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Qoldau» ақпараттық жүйесін пайдалануға абонеттік төлем тарифі 3,7 есе жоғарылады. «Ақпараттық-оқу орталығы» АҚ абоненттік төлемді ауыл шаруашылғы өндірешулері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен мақұлдаусыз бір жақты тәртіпте іске асырған.

  Кәсіпкерлер субсидяилауға өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы беруді немесе «Qoldau» ақпараттық жүйесі арқылы беруді ұсынды, сонымен қатар бағдарламаны тегін қолдануды немесе төлемді жылына бір рет жүргізуді ұсынды.

 Сонымен қатар кәсіпкерлер СТ-KZ және индустриялық сертификат тізілімімен мемлекеттік сатып алулар порталын біріктіру ұсынысын көтерді.

Жұмыс режиміне оралған өнеркәсіп секторының кәсіпорындары ілеспе құжаттар, сонымен қатар сертификаттарға қатысты қиындық көруде.

 «СТ-KZ сертификатын мемлекеттік сатып алулар порталымен біріктіру мәселесі ашық күйінде қалып отыр, өйткені СТ-KZ сертификатын мемлекеттік сатып алулар порталымен біріктіру процедурасына бюрократиялық факторларға байланысты, атап айтқанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанындағы Ведомствоаралық комиссияны өткізу, кейін сәйкес бұйрық шығарып, оны интеграциялау үшін ҚР Қаржы министрлігіне жіберу қажет етіледі. Бүгінде бұл процедура (СТ- KZ сертификатын алудан бастап мемлекеттік сатып алулар порталымен біріктіруге дейін) 20-30 күн уақытты алады. Көп кәсіпкер өндірісті тоқтатуға, жұмыскерлерді еңбекақыны сақтамай демалысқа жіберуге мәжбүр. Нәтижесінде бұл жайт кәсіпорынның толық жабылуына әкеп соғуы мүмкін» – деді «Астана электр-техникалық зауыты» ЖШС директоры Асқар Сыздықов.

 Құрылымды талқылау пандемия тақырыбын айналып өтпеді.

  «Төтенше жағдай режимінде ел ауқымында қатаң шектеу және карантиндік шаралар енгізілді. Республиканың және облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларымен қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы толығымен тоқтатылды. Алайда қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне салынған тыйымға қарамастан тексеруші органдар алкогольдік өнімдерді сақтауға және бөлшек саудада сатуға арналған лицензияны пайдаланғаны үшін чалым төлеуді талап етуде, ал іс жүзінде қоғамдық тамақтану нысандары қызметтерін іске асырмаған», – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысынан жеке кәсіпкер Асқар Оразбаев.

 Өзбек нарығына шығудағы қиындықтар және ішкі нарықты қорғау туралы Түркістан облысында тігін фабрикасының директоры айтты.

 «Осыған байланысты көптеген тігін кәсіпорын жеңіл өнеркәсібіндегі заңсыз өнімге бәсекелесе алмай отыр. Бұл жағдай отандық тауар өндірушілерді өз компаниясының қызметін нарықта ұстап тұру үшін тігін жұмыстарды Өзбекстанның кәсіпорындарына аутсорсингке беруге мәжбүрлейді. Осындай тенденция Өзбекстанда тігін кәсіпорындар санын екі есеге өсірді. Кедендік рәсімдеу және Өзбекстан тауарлары экспортын арттыру бойынша шаралар сынды Өзбекстан тарапынан орын алған жасанды кедергілер нәтижесінде отандық кәсіпкерлер көрші нарығынан бұрын ішкі нарықты жоғалтуда», – деді  «Алтын адам тігін фабрикасы»  ЖШС директоры Балжан Халмұратова.

 Кездесулер қорытындысы бойынша өңірлік палаталар және орталық аппарат жұмысының жоспарлары түскен мәселелерді ескере отырып түзетіледі, әр мәселе Төралқа Төрағасы мен Басқарма Төрағасының бақылауында болады.

 «Құрметті әріптестер, сіздерге кездесуге белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Біз Басқарма және дирекциялармен аймақтық кеңестердің мүшелеріне ақпараттық қолдауды ұйымдастыру бойынша келістік. Өңірлік кеңестер мүшелерінен өңірлік бизнестің мәселелеріне талдау жүргізіп, бизнестің жай-күйін түсініп, сондай-ақ қандай секторлардың зардап шеккенін саралауын сұрағым келеді. Үкімет бизнесті қолдау бойынша бірқатар шара ұсынғанын білесіздер. Біз ҰКП ретінде ұсынған шаралар бүгінде іске асырылып жатыр. Енді іске асырылу тиімділігін байқау қажет. Шаралар тиімсіз немесе сұраныста болмаған жағдайда біз жылдам реттеуіміз керек, сондықтан сіздермен өткен осындай пікір алмасу өте маңызды. Онлайн-кездесулер форматы тиімді, сондықтан жуық арада Төралқаның салалық комитеттерімен кездесулер өткізуді жоспарлап қойдық», – деп қорытындылады Тимур Құлыбаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер