«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда: InfoKazakhstan.kz сайтына 9312 өтініш түсті

2020 жылғы 26 Тамыз
- Қызылорда облысы
5244 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов айтты. 26 тамыз сағат 11.00-дегі ақпарат бойынша https://infokazakhstan.kz/ сайтына Қызылорда облысынан 9312 өтініш түсіп, оның 7701 кәсіпкерлік нысаны дайындық актісін алған, жұмыстарын кедергісіз жүргізуде. Ал тексеру арқылы іске қосылатын 151 нысан мониторингтік топты күтуде.

            Қызылорда қаласы мен аудандар бөлінісінде кәсіпкерлердің тіркелуі төмендегідей:

            - Қызылорда қаласы – 3269 кәсіпкерлік нысаны;

            - Байқоңыр қаласы – 137 кәсіпкерлік нысаны;

            - Арал ауданы – 1039 кәсіпкерлік нысаны;

            - Қазалы ауданы – 1192 кәсіпкерлік нысаны;

            - Қармақшы ауданы – 297 кәсіпкерлік нысаны;

            - Жалағаш ауданы – 286 кәсіпкерлік нысаны;

            - Сырдария ауданы – 501 кәсіпкерлік нысаны;

            - Шиелі ауданы – 551 кәсіпкерлік нысаны;

            - Жаңақорған ауданы – 428 кәсіпкерлік нысаны.

Ақпарат көрсетіп тұрғандай, ең жоғары көрсеткіш Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы аудандарында. Ең төменгі көрсеткіш Байқоңыр қаласы мен Жалағаш, Қармақшы аудандарында.

22 тамызда «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев: «Бас санитарлық дәрігер қаулысының шарттары бойынша бизнес өкілдері локдаун кезеңінде жұмысының тоқтауы-тоқтамауына қарамастан Infokazakhstan сайтында тіркеуден өтуге міндетті. Мұндай шешім кәсіпкерлердің барлығында тең алгоритмдер болып, ал тұтынушы санитарлық нормаларға сәйкестік актісіне қарай бағдарланып, өзін қауіпсіз сезінуі үшін қабылданды. Аталған құжат жауапкершілік танытқан бизнестің үлгісі болуы керек. Бизнестің өзін-өзі реттеуі, айыппұл салу саясатынан қоғамдық бақылауға қарай ауысу  – тұрақты трендке айналуы тиіс», – деп ресми мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, бизнес түрлерінің басым бөлігі, тексерусіз, хабарландыру тәртібінде іске қосылып, мониторингтік топтың келуін күтпей-ақ қызметін бастай алады.

Мониторингтік топтың тексеруі кәсіпкерлік қызметтің небәрі 5 түріне қолданылады: сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік сауда базарлары, азық-түліктік емес базарлар, балалар сауықтыру лагерлері, бильярд және боулинг залдары.

https://infokazakhstan.kz/ сайтына тіркелу үшін кәсіпкерлерде электронды цифрлы қолтаңбасы болса жеткілікті. Техникалық мүмкіндігі жоқ, ЭЦП кілті қолында жоқ кәсіпкерлерге Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кеңес беріп, дайындық актісін алуға көмек көрсетеді.

Портал жұмысына қатысты бизнесмендерге кеңес беру үшін 1432 байланыс орталығы (қоңырау шалу тегін), Қызылорда облысы бойынша 8 /7242/ 40-02-02 байланыс телефоны жұмыс істейді.

 Сонымен қатар өзекті сұрақтарға жауап беру үшін t.me/infokazakhstan телеграм-канал іске қосылды.

           


Еншілес ұйымдар

Серіктестер