«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада кәсіпкерлерге 6,5 млрд.теңге шамасында жеңілдік берілген

2020 жылғы 04 Маусым
- Қызылорда облысы
4140 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы алаңында facebook әлеуметтік желісіндегі «Бизнес в Кызылорде и Кызылординской области» тобында тікелей эфирде кәсіпкерлер сауалына жауап берген Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов айтты.

Тікелей эфир Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов және аймақ бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орыновтың қатысуымен өтті.

Шарада сала басшысы төтенше жағдай кезінде бизнеске қолдау көрсету мақсатында қабылданған Үкіметтік қаулылар негізге алына отырып, облыс көлемінде салықтар мен төлемдер бойынша бизнес-субъектілеріне 6,5 млрд.теңге шамасына жеңілдік берілгендігін жеткізді.

Ғалымжан Орыновтың айтуынша, осы жылдың 20 наурызынан бастап 31 желтоқсанға дейін өңірде алаңы 2000 шаршы метрден кем емес 29 ірі сауда нысаны, 3 ойын-сауық орталығы, 2 театр, 2 көрме залы, 8 спорт құрылыс жайлары мүлікке салынатын салыққа «0» коэффициент мөлшерін қолданады. Сондай-ақ, 37 ауылшаруашылық өнімін өндірушілер жер салығынан босатылған.

Осы жылдың 1 сәуірінен 1 қазанға дейін аймақтағы әуежай терминалы, 20 жеке практикамен айналысатын тұлға, 201 қоғамдық тамақтандырумен, 43 қонақ үй қызметімен айналысатын кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылыпты.

Осы жеңілдіктерді қолдану арқылы бүгінгі таңда облыс кәсіпкерлері 119,7 млн.теңге мүлік, жер салықтарынан босатылған.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы мұнымен қоса, 8427 шағын және орта бизнес өкілдері еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан, әлеуметтік төлемдерге қатысты жеңілдіктер қолдану арқылы босатылғандығын жеткізді. Нәтижесінде жоғарыда аталған шағын және орта бизнес өкілдері 1 млрд.79 млн.теңге, әлеуметтік төлемдерден 1 млрд.853 млн.теңге, 7 ірі кәсіпкерлік субъектілері еңбекақыдан ұсталатын салықтан 8,1 млн.теңге, әлеуметтік төлемдерден   103,3 млн.теңге қаржысын үнемдеп отыр екен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер