«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда: 1 маусымнан бастап облысаралық, ауданаралық автобустар жұмысын бастады

2020 жылғы 01 Маусым
- Қызылорда облысы
3499 просмотров

Қызылорда облысында карантин режимінде кәсіпкерлік нысандарына жұмыс жасауға кезең-кезеңімен рұқсат берілуде. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия 1 маусымнан бастап жұмыс жасауға рұқсат берілетін салалардың және ұйымдардың тізімін бекітті.         

1 Маусымнан бастап аймақта іске қосылатын салалар мен ұйымдар

- Қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмыс уақытын сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты моншалар сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, сауналар сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін);

- Сағат жөндеу шеберханаларының, химиялық тазалау, фотосалондардың, жарнамалық агенттіктердің, шаштараздардың, сұлулық салондардың жұмыс уақытын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);

- Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станцияларының, көлік жуу, желімдеу қызметтерінің жұмыс уақытын сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін);

- Көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар мен базарлардың жұмыс уақытын сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);

- Қоғамдық тамақтану және жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақытын сағат 11:00-ден 23:00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);

- Фитнес клубтардың, тренажерлік залдардың, бассейндердің жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін ұзарту (бұрынғы уақыты 10.00-ден 21.00-ге дейін);

- Қосымша білім беру орталықтары (барлық сыныптар үшін 10 адамнан аспайтын ара қашықтықты 1,5-2 метр сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін). (қолданыстағы редакцияда тек 6-11 сыныптар үшін);

- Спа-орталықтары, ашық жағажайлар (сағат10.00-ден22.00-гедейін);

- Компьютерлік және интернет клубтар, бильярд клубтары,
букмекерлік кеңселер, лотереялық кеңселер (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);

- Қоғамдық демалыс парктері (сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін);

- Емдік-сауықтыру орындары, шипажайлар;

- Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын, сондай-ақ облыс аумағындағы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін іске қосу;

- Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен облысаралық (республикаішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын іске қосу;

- Мәдениет, өнер және архив нысандарының жұмысын көрерменсіз, келушісіз толық іске қосу;

- Спорт нысандарының жұмысы көрерменсіз толық іске қосу.

1 маусымнан бастап облыс бойынша орналасқан блок-бекеттер алынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер