«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ғалымбек Жақсылықов: «Төтенше жағдай режимінде Қызылордада жаңадан 7 экспорттаушы қосылды»

2020 жылғы 26 Мамыр
- Қызылорда облысы
2364 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.

Палата басшысының айтуынша, төтеше жағдайға дейін өңірде 46 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасаған, ондағы жұмысшылар саны – 95 мың адам.

Облыста короновирусқа шалдыққан азаматтардың саны республика бойынша бастапқыда 3 орында болуына орай, басқа өңірлермен салыстырғанда күшейтілген шектеу шаралары ерте қабылданды. Осының салдарынан кәсіпкерлік субъектілерінің 42%-ы, ал жұмысшыларының 47%-на дейін жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Құрылыс жұмыстарына дейін тоқтатылды.

29 сәуірден бастап карантин режимі жеңілдетіліп, бүгінгі күні
96%-дан астам кәсіпкерлік субъектіcі кезең-кезеңімен жұмыстарына кірісті. Тойханалар іске қосылмады.

Ғалымбек Жақсылықов төтенше жағдай уақытында отандық тауарөндірушілерді сертификациялау жұмыстары тоқтамағандығын, бұл кезеңде 316 сертификат берілгендігін жеткізді.

«Өткен жылмен салыстырғанда берілген сертификаттар саны екі есе көбейді, жаңадан 7 экспорттаушы қосылды.Сонымен қатар, аймақтың ауыл шаруашылығы мен тамақ өндірісі тұрақты жұмыс жасады.Агро сектор жұмысшылары қысқарып не жалақысы кешіктірілген емес», - дейді Палата директоры.

Көктемгі дала жұмыстарына қаржы институттары арқылы «Кең Дала», «Агробизнес», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша 62 несиеленушіге 1,4 млрд.теңге қаражат берілген. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Облыста көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын. Саланы субсидиялауға биылға 10,9 млрд.теңге қарастырылған, бүгінгі күні 513 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2,9 млрд. теңге субсидия төленді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер