«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда: 1 мамырға дейін қандай кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасай алады?

2020 жылғы 20 Сәуір
- Қызылорда облысы
6030 просмотров

Қызылорда облысының бас санитары 19 сәуір күні № 10 қаулысын шығарды. Аталмыш қаулыға сай  Қызылорда облысы көлемінде КВИ-ді жою мақсатында 2020 жылғы 1 мамыр 07 сағат 00 минутқа дейін карантиндік режимдегі шектеу және тыйым салу шаралары ұзартылатын болды.

Карантин жағдайында көктемгі далалық жұмыстарды, табиғатты қорғау, ветеринариялық жұмыстарды жүргізуге, ауыл шаруашылық, оның ішінде бал ара шаруашылығы іс-шараларына тартылған тұлғалар жүріп-тұруға рұқсат берілді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер көліктерін мемлекеттік тіркеуді растайтын куәліктері (шаруа қожалығы, фермер қожалығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, несиелік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәліктері, сондай-ақ жұмысшылар үшін қызмет орнынан анықтама (мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама) болуы қажет.

Көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс жасауға рұқсат етілген.

Штаттық режимде жұмыс жасайтын дәріханаларды қоспағанда,
азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, азық-түлік сөрелері, бірінші кезекте қажетті тауарлар саудасына күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етілген.

Мейрамханалардың, дәмханалардың, асханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектілеріне жұмысын «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен қызмет көрсетуге рұқсат етілген.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимін сақтай отырып «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі бойындағы көліктерге қызметтер көрсету кешендерінде техникалық қызмет көрсету станциялары және қоғамдық тамақтану орындарына «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша жұмыс жасауға рұқсат етілген.

Жер қойнауын пайдаланушылар мен сервистік кәсіпорындарда вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшыларға тізімін «Сергек-Блок-Пост» автоматтандырылған жүйесіне енгізіле отырып, жұмыс жасауға рұқсат етілген.

Сондай-ақ, 2020 жылғы 15 сәуірде Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның хаттамалық шешімімен Тұрғындардың қажетті тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі бекітілді. Аталмыш тізімге сай:

1. Фармацевтикалық компаниялар, дәріханалар, сондай-ақ инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардан медициналық қалдықтарды тасымалдаумен және жоюмен айналысатын ұйымдар.

2. Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасымен белгіленген облыс көлемінде қорғаныш костюмдерді, маскаларды, дезинфекциялық құралдарды, антисептиктерді өндіретін кәсіпорындар.

3. Ветеринариялық қызметтер (ветеринариялық станциялар, ветеринариялық пункттер, ветеринариялық дәріханалар, ветеринариялық зертханалар).

4. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қызмет көрсететін кәсіпорындар (күзет агенттіктері).

5. Бөлшек сауда желілері, азық-түлік дистрибьюторлары, азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері, азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті тауарларды сататын сауда орталықтарындағы дүкендер,  көп қабатты үйлер мен тұрғын алаңдарында орналасқан азық-түлік дүкендер.

6. Автожанармай құю, автогаз құю станциялары және оны қамтамасыз етуші мекемелер.

7. Келесіде көрсетілген салалардағы кәсіпкерлік субъектілері:

1) жеңіл өнеркәсіп;

2) наубайханалар, кондитерлік кәсіпорындар;

3) тамақ өнеркәсібі және осы өнімдерге арналған орам материалдарын өндіру;

4) буып-түю материалдарын өндіруді қоса алғанда, дәрілік препараттарды және жеке қорғаныш құралдарын өндіру;

5) медициналық жабдықтар мен медициналық құралдар, санитарлық гигиеналық өнімдері;

  1. тамақ өнімдерін сертификаттау;
  2. азық-түлік өнімдерін, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды өндіруге арналған шикізатты қоймалау және дистрибуциялау.

8. Агро өнеркәсіп кешені, мал, құс, балық, омарта шаруашылықтары, жылыжай кешендері, ауыл шаруашылық жануарларына жем-шөп және дәрі-дәрмектер, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуші ауыл шаруашылық құрылымдары.

9. Көліктік-логистикалық ұйымдар, қоймалар, ауыл-шарушылық және басқа да арнайы техникаларын сату және сервистік қызмет көрсету (қосалқы бөлшектерді сату) ұйымдары.

10. Мұнай-газ, уран өндіру және барлау салаларындағы компаниялар, сондай-ақ оларға сервистік қызмет көрсететін (дәрі-дәрмектер мен азық-түлік тауарлары, жанар жағар май тасымалдау жер қойнауын пайдаланушылардың тапсырысы бойынша) ұйымдарға қызмет көрсетуге рұқсат берілген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер