«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық кәсіпкерлерді базаға тіркеу: өзгерістер мен толықтырулар

2020 жылғы 16 Сәуір
- Қызылорда облысы
7113 просмотров

10 сәуірден бері азық-түлік, медициналық заттар мен жанар-жағар маймен қамтамасыз етуші кәсіпкерлерді Кәсіпкерлер палатасы «Сергек» дерекқорына (база) енгізіп келген болса, енді тіркеу жұмыстары тиісті салалық мекемелердің арасында бөлінді. Осы кезге дейін жасалған дерекқор толықтай өшірілді. Қайтадан жасақталуда. Сондықтан 15 сәуірге дейін өтініш берген кәсіпкерлер төменде көрсетілген салалар бойынша өтінімдерді қайтадан беруі қажет.

ЕСКЕРТУ! Дублирование жасауға болмайды! Егер бірдей ақпарат екі электронды поштаға қатар жіберілсе, базаға енгізу барысында ақпарат қате ретінде көрсетіліп, адамдардың тізімі, көліктер енбей қалады. Сондай-ақ, жалған ақпарат берілген жағдайда құзырлы органдар тарапынан тексерілетіндігін назарларыңызға саламыз.

Бұдан кейін ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы базаға енгізіледі. Ауылшаруашылық құрылымдары (егіншілер, мал шар/ғы, ауылшаруашылық техникаларына қызмет көрсету және сату, жем тасымалдау) рұқсат етілгендер базасына ену үшін 605442@bk.ru поштаға өтінім жолдайды. 

Қала ішінде, сондай-ақ қала қарасты кент және елді-мекендердегі азық-түлік дүкендері, көп қабатты үйлер мен тұрғын алаңдарында, жеке үйлерде орналасқан азық-түлік дүкендеріне азық-түлік тауарларын тасымалдаушы кәсіпкерлерді қалалық кәсіпкерлік бөлімі енгізеді. Жоғарыда аталған кәсіпкерлдер толтырылған құжаттарды gorkasipker@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет. Сауалдар туындаған жағдайда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне төмендегі нөмірлер арқылы хабарласа аласыздар: 8 701 817 37 07, 8 777 524 01 01, 8 777 334 09 27, 8 777 153 12 66.

Автожанармай құю, автогаз құю станциялары және оны қамтамасыз етуші мекемелер, наубайханалар, тамақ өнеркәсібі және осы өнімдерге арналған орам материалдарын өндіру, буып-түю материалдарын өндіруді қоса алғанда, дәрілік препараттарды және жеке қорғаныш құралдарын өндіру, медициналық жабдықтар мен медициналық құралдар, санитарлық гигиеналық өнімдері, тамақ өнімдерін сертификаттау, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды өндіруге арналған шикізатты қоймалау және дистрибуциялау саласындағы кәсіпкерлерді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы енгізеді. Аталмыш сала кәсіпкерлері толтырылған құжатты kzo.atameken@gmail.com поштасына жолдай алады. Кәсіпкерлер палатасындағы хабарласуға болатын нөмірлер: 8 777 764 3311, 8 771 479 7582.

Базаға тіркеу үшін кәсіпкерлер Excel формадағы файлда төмендегі ақпараттарды толтыру қажет:

1. Көлік номері пробелсіз және сериясы ағылшын әріптерімен жазылады. 

2. Әр ИИН-нен кейін үтір қою керек, бос орын (пробел) қалдырмай, жабыстырып жазылады.

2. Разделение ячейки жасалмауы керек.

3. Файлды скандамай, түпнұсқасын салу қажет (қате кетсе, ақпарат базаға енбейді). Бұдан бөлек мөр басылған өтінім хат қоса тіркелу қажет (қосымша арқылы ұсынылады). Өтінім берілгеннен кейін келесі күні көлік нөмірі дерекқорға енген/енбегені жайлы Қала әкімдігінен 263000 тел.нөмірі арқылы білуге болады.
Аталмыш кәсіпкерлер «Сергек» базасына енгізіліп, посттарда Ішкі істер саласының мамандары осы база арқылы бар-жоғын тексеру арқылы өткізетін болады.

Аса маңызды! «Сергек» базасына жасы 18 толмаған және 55-тен асқан азаматтар енгізілмейді. Мұнымен қоса, өтінімді жолдағаннан кейін базаға енгізу жұмыстары 1-2 күн алатынын назарларыңызға саламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер