«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Теміртаулық «алпауыт» отандық тауар өндірушілерді қолдауға дайын екенін мәлімдеді

2020 жылғы 11 Ақпан
- Қарағанды облысы
8920 просмотров

Импортты алмастыру мәселелері бойынша жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында АрселорМиттал алаңында қазақстандық қамту мәселелеріне қатысты форум-жиын өтті.  Іс-шараға жүзден астам отандық өндіруші қатысты

 Қатысушылар жергілікті қамтуды дамыту стратегиясын және Қарағанды облысының өндірушілері мен AMT арасындағы серіктестік бағдарламаларын талқылады.

 «Қазақстанда жұмыс істеп жатқаныма көп болмады, маған бірден жергілікті қамту туралы сұрақ қойды. Біз дерей тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жауапты әріптестермен бірлесіп жиын өткіздік. Анық болғандай, командамыз қарағандылық өндірушілерді ынтымақтастыққа тартуға ынталы екен. Ондай болса, неге бәріміз жиналып, осы тақырыпты талқылап шешім таппасқа?», – деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жаңа бас директоры Биджу Наир.

Айта кетелік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «АрселорМиттал Теміртау» болат құй компанияның бас директоры болып Биджу Наир тағайындалды, осыған дейін ол басқа құрылымдық бөлімшеде – Босниядағы «АрселорМиттал Зеница» бас директоры болып қызмет атқарған.

 «АрселорМиттал Теміртау АҚ атқарушы директоры Вадим Басин жеткізушілер ынтымақтастық құру мүмкіндіктері туралы мәліметтерді ресми сайттан таба алатынын хабарлады. Онда компания қазақстандық нарықта іздеп жатқан тауарлар тізімі де жарияланған.

 Палата атқарылған жұмыс нәтижесі мен отандық тауар өндірушілердің «АМТ» АҚ сатып алуларында жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша ұсыныстарын ескере отырып, түйткілді мәселелерді анықтады, оны жиын барысында Палата директоры Ернар Күлпейісов хабарлады:

 «Индустриялық сертификаттары бар кәсіпкерлерге компания сатып алуларында жеңілдік жасауды ұсынамыз. Металлургиялық кластер жұмысын жаңарту арқылы жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Жеткізушідің тіркеу кезіндегі қиындықтарын атап кеткен жөн, осы процестерді  жеңілдету бойынша ұсыныстар бар. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасудың (оффтейк-шарттар) тәжірибесі бар, бұл отандық тауар өндірушілерге ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарлары негізінде өздерінің өндірістік процестерін болжауға мүмкіндік береді. Палата және мүдделі отандық тауар өндірушілер бірлесіп, «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары бойынша жеңілдікпен қаржыландыруды тарта отырып, импортты алмастыру жобаларының пулын анықтау және қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізетін болады», – деді Қарағанды облысы ӨКП директоры форум барысында.

 Форум-жиын барысында бірқатар кәсіпорындардың өнімдеріне таныстырылым жасалды. «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы және тауар өндірушілер арасында диалог жасалды. Форум нәтижесінде бизнесмендер мен компаниялар өкілдері арасында В2В кездесулер өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер