«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстік Қазақстанның кәсіпкерлері мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды алды

2019 жылғы 13 Желтоқсан
3986 просмотров

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында солтүстікқазақстандық кәсіпорнының өнімі «Қазақстанның үздік тауары» атағын алды, сонымен қатар облыс кәсіпкерлері «Парыз» сыйлығының бірнеше аталымдары бойынша жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасының құрмет грамотасын алды

13 желтоқсанда еліміздің бас қаласында Қазақстанның ірі, орта және шағын санатында озық кәсіпорындарының кәсіпкерлері жиналды. Оларға бүгін ең жоғары наградалар мен сыйлықтар – «Алтын Сапа», «Қазақстанның үздік тауары», «Парыз», «Іскер» және «ALTYN OIMAQ» марапаттары берілді.  Ұлттық мерекенің қарсаңыда Қазақстанның кәсіпкерлерлерін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Мемлекет басшысы ел экономикасы дауында бизнестің маңызын атап өтті – бүгінде отандық кәсіпорындар өндіретін өнім әлемнің 120-дан астам еліне жеткізіледі.

 «Индустриялау әлемдік дағдарыс кезеңінде ел экономикасының дамуына жақсы серпін берді. Экономиканың бірқатар салалары мен секторларының құрылымы мен келбеті біртіңдеп өзгеріп келеді. Металлургияда болаттан дайын өнімдер – рельстер, арқан, радиаторлар және басқа заттар өндіріле бастады. Ел ішінде бастапқы алюминийді қайта өңдеу көлемі артты. Бүгінде Қазақстан әлемде титанды өндірушілердің тізбегіне қосылған. Бұрын сонды өндірілмеген өндіріс – титан құймалары мен қорытпасы жолға қойылған. Автомобиль жасауды көтеруге жасалған жағдай сала өндірісін 8 есе өсіруге мүмкіндік жасалды. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде 38 мыңнан астам автомобиль өндірілді», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елдің үздік кәсіпкерлері арасында марапат алаңына солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер де көтерілді. «Казмясопродукт» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауындла «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымын жеңіп алды.

 «Шұжықтарымыздың сапасы, бірінші кезекте шикізатқа байланысты. Жергілікті ауыл шаруашылығын өндірушілер бізге сапалы әрі бағлын шикізат жеткізеді. Ары қарай біздің тәжірибелі мамандарымыз заманауи жабдық әрі стандарттардың барлығын сақтай отырып дайын сапалы өнім шығарады. Осы аталымдағы жеңіс үлкен ұжымның арқасы», – деді «Казмясопродукт» ЖШС директоры Серік Ілиясов.

 Бүгінде кәсіпорында 140 адам жұмыс істейді. «Казмясопродукт» цехтарында 130 дан астам ет өнмідерінің тұры шығарылады. Айта кетелік, ағымдағы жылдың күзінде «Казмясопродукт» өнімі «WorldFood Moscow» халықаралық дегустациялық көрмесінде 3 алтын медальді алды.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы екі кезең бойынша өтті.  «Казмясопродукт» ЖШС өңірлік өңірде үздік атанып, облыстың 9 кәсіпорны қатарында елдің барлық үздік кәсіпорындары арасында үздік болуға күресті.

 Бүгін «Экспо» конгресс-орталығында марапатты Солтүстік Қазақстанның тағы екі кәсіпорны алды. «Ильинское» ЖШС «Парыз» сыйлығы бойынша «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымын алды. «Парыз» сыйлығының «Экологияға қосқан үлесі» аталымын «Изолит» ЖШС алды.

 Сонымен қатар Тәуелсіздің күні қарсаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев мемлекет басшысының атынан бірқатар кәсіпкерді құттықтады.

 «Еліміздің басты мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградаларды табыстау мен үшін үлкен мәртебе. Тәуелсіздік жылдары ішінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бизнес дамуына барлық жағдай жасалды және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмыс істеуі де елдегі бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында кәсіпкерліктің дамуына үлкен назар аударған, біз «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде елдегі бизнес дамуына жағдай жасауға барын саламыз» – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

 Осы күні Төралқа Төрағасы мемлекеттік награданы «Кокшетау Строй Недра» ЖШС директоры Сергей Беликке табыстады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер