«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық «Мағжан және К» компаниясы жеңімпаз атанды

2019 жылғы 13 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
3245 просмотров

Қызылордалық «Мағжан және К» компаниясы «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов компания директоры Дархан Ералиевті салтанатты шарада марапаттады.

«Мағжан және К» ЖШС-і 2005 жылы құрылды. Кәсіпорында 330 адам жұмыс жасайды.

Кәсіпорынның негізгі қызметі күріш өсіру мен элиталық тұқым шаруашылығын өндіру болып табылады.

Кәсіпорынның жоғары стандарты сапа менеджменті жүйесінің СТ РК ИСО 9001-2016 ұлттық сертификатымен, ISO22000:2005 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі үшін сертификатымен, сондай-ақ  «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының ТР ТС 021/2011 Техникалық регламентімен расталған.

Кәсіпорынның мақсаты – шығарылатын өнімнің сапасын үнемі жақсарту.

Компания жоғары технологиялық ауыл шаруашылық өндірушісі болып табылады. Күріш тұқымы мен жоңышқа тұқымы Германиядан шыққан сағатына 8 тонна тұқым тазалай алатын жоғары технологиялық зауытта өңделеді. Компания облысқа қарасты Нағи Ілиясов атындағы ауылдағы еңбекке жарамды тұрғындардың 55-60 пайызын жұмыспен қамтып отыр.

Компания өзінің өнімдерін Қазақстан, Ресей, Украина, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан нарықтарында сатады.

Компанияның еліміз бойынша сандық жүйеге көшкен тұңғыш күріш өңдеуші зауыты бар. Аталмыш сағатына 5 тонна жоғары технологиялық күріш өңдейтін зауыт Корей Республикасынан алдырылған.

Компанияның техникалық паркінің 90 пайызы жаңартылып, JOHNDEER, CLAAS, MacDonи Кейс секілді дүниежүзіне танымал компаниялардың комбайндарымен, жаткасымен (дестелегіш), трасторларымен, агрегаттарымен жабдықталған.

Компанияның өнімдері жергілікті атқарушы органдардың алғыс хаттарымен марапатталған (тұқым өндіру саласындағы жетістігі үшін, үздік шаруашылық, техникалық паркін жаңартудағы жоғары көрсеткіші үшін т.б.).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер