Қызылордалық «СКЗ-U» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Алтын сапа» сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімінде қызылордалық «СКЗ-U» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «СКЗ-U» ЖШС-нің бас директоры Мәдихан Бекжановқа «Алтын сапа» сыйлығының «Үздік инновациялық жоба» номинациясының жүлдесін табыс етті.
«СКЗ-U» ЖШС: Жаңақорған ауданындағы күкірт қышқылы зауытының құрылысы, Қызылорда облысының инновациялық-серпінді жобаларының бірі болып табылады. Күкірт Қышқыл Зауытының жобалық қуаты жылына 500 000 тоннаны немесе тәулігіне 1500 тоннаны құрайды.
«СКЗ-U» ЖШС-гі қызметі «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ Уран өндіруші кәсіпорындарының күкірт қышқылына деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.
«СКЗ-U» ЖШС-нің күкірт қышқылын өндіру технологиясының ҚР-да баламасы жоқ. Өндіріс технологиясы қалдығы аз болып табылады және шикізаттың мақсатты өнімге көшуін 99,9% деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: