«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстанда белгілі бизнес-тренер Ғани Абадан жас кәсіпкерлерге шеберлік сабағын өткізді

2019 жылғы 22 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
9398 просмотров

22 қазанда Өскеменде өткен бизнес-форумда белгілі отандық бизнес-тренер Ғани Абадан кәсіпкерлерлікте өсу деңгейлері туралы ақпарат беріп, жеке кәсіп ашу бойынша шеберлік сабағын өткізді. Елордалық бренд-амбассадордан білім және дағдыларды үйрену үшін Шығыс Қазақстанның түпкір-түпкірінен кәсіпкерлер келді

2019 жылы Қазақстанда жастар жылы деп белгіленген, осыған орай бүкіл ел аумағында «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылды, жоба шеңберінде 200 сынып ашылды, 10 мыңнан астам жасты біріктірді. Оқуға 20 мың адам қатысты. Микро несиелер мен гранттар арқылы жоба нәтижесінде 5 мыңнан астам қыз-жігіт кәсіп ашады.

Стартаперлер неғұрлым аз қателіктер жасап, уақытқа сай дұрыс бағытта қадамдауы үшін ШҚО Кәсіпкерлер палатасы тұрақты негізде білікті кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес-форумдар мен шеберлік сабақтарын өткізбек. Өскеменде қыркүйек айында облыс орталығынан бренд-амбассадорлардың қатысуымен «Basta!» өтті. 22 қазанда ШҚО-ға білікті бизнес-тренер шақырылды, ол соңғы екі жылды 6 мыңнан астам адамды оқытқан.

 Ғани Абадан 10 компанияның негізін қалауышы, соның ішінде 3 компания қазіргі таңда табысты жұмыс істеп жатыр. Ғани Абадан «Атамекен» ҚР ҰКП бизнес-тренері, оқу бизнес-бағдарламаларының тең авторы, look.tm.  журналының бағалауы бойынша «Жас әрі табысты қазақстандықтардың» 7-лігіне енген. Оның шеберлік сабағын шығысқазақстандықтар ерекше зейінмен қабылдады. Семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды, бірге талқылау жүргізіліп, тренерге жылы лебіздер айтылды.

 Өзінің тәжірибесімен, сондай-ақ, «Smart Innovations» ЖШС директоры, «Авангард плюс» жас кәсіпкерлер мектебі, «Іскерлік байланыс», «Бизнес-Кеңесші» жобаларының түлегі Рустам Салахутдинов бөлісті. «Атамекен» ӨКП Өңірлік кеңесінің төрайымы, бизнес ханым Елена Березинская-Абилова да тәжірибесімен бөлісті.

 Форум жемісті өтті. ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Ғани Абаданға Өскеменге келіп, дәріс оқығаны үшін және бизнес ханым Елена Березинская-Абиловаға, Рустам Салахутдиновқа қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер