«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкердің жер алуына кедергі жасаған әкімге айыппұл салынды

2019 жылғы 04 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
12883 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратынын Қызылорда облысы  бойынша сектор меңгерушісі Салават Құлмахан айтты.

«Соңғы кезде жер қатынастары саласындағы заңнамалық құжаттарға көптеген өзгерістер енгізілді. Бұл құжаттарда жер телімін беруге қатысты өтініштердің мерзімі регламенттелгеніне қарамастан жергілікті атқарушы органдар тарапынан заңбұзушылықтар орын алуы әлі де кездеседі», - дейді Салават Аязбайұлы.

Сондай оқиғалардың бірі Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде орын алды. Кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Медеубаева Әйтеке би кенті әкімдігінің әрекетіне қатысты шағымданып, құқығын қорғауды сұраған болатын.

Кәсіпкер өтінішінде 2018 жылдың 7 қарашасында Әйтеке би кенті әкімдігі комиссия шешімімен жеке кәсіпкер Медеубаеваға 990 шаршы метр жер телімін береді. Әрі қарай 2019 жылдың 17 мамырында Қазалы аудандық жер қатынастары бөлімімен жерге орналастыру жобасына бұйрық шығарылады.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратынын Қызылорда облысы  бойынша сектор меңгерушісі Салават Құлмахан: «Жер кодексінің талаптарына сай жер комиссиясының оң шешімі мен уәкілетті органмен бекітілген жерге орналастыру жобасы түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган шешім қабылдауы тиіс. Алайда Әйтеке би кенті әкімдігі комиссияның оң шешімі мен бекітілген жобаның болғандығына қарамастан заң талаптарын бұза отырып, кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырмаған. Мәселені шешу үшін біз Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен бірге жұмыс жасадық», - дейді.

Жер қатынастары саласындағы заңнама талаптары бұзылып жатқандығы туралы ақпарат түсісімен Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы Әйтеке би кенті әкімдігінде тексеру жүргізіп, әкімдіктің кәсіпкердің өтінішін қарау барысында заң талаптарын сақтамағандығын анықтады. Нәтижесімен Әйтеке би кентінің әкімі Мұратбаев Жарасханға 75 750 теңге айыппұл салынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер