«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 8 жоба мақұлданды

2019 жылғы 18 Маусым
- Қызылорда облысы
1892 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры облыс әкімдігінде болған мәжілісте айтты.

Палата басшысының айтуынша, қазіргі таңда Қызылорда облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Орталық жобалық кеңсе әзірлеген есепке сай  ІІ орында.

Бүгінде бағдарлама шеңберінде жалпы құны 12,5 млрд.теңгені құрайтын 116 жоба қаралуда.

Оның ішінде:

  • құны 801,1 млн.теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданды;
  • құны 2530,0 млн.теңгені құрайтын 23 жоба Екінші деңгейлі банктер (ЕДБ-р) қарауында;

-  құны 3467,3 млн.теңгені құрайтын 39 жоба - ЕДБ-ге құжаттар жинақтауда;

-  құны 4795,0 млн.теңгеге 10 жоба – идея жағдайында;

- құны 182,0 млн.теңгені құрайтын 2 жоба - өз қаражаты есебінен қаржыландырылған.

Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Бағдарлама талаптарын жетілдіру бойынша облыстық жобалық кеңсенің 7 отырысы өткізілсе,  түсіндіру бойынша жұмыс тобы барлық аудандарда болып қайтты. Аталмыш шаралар барысында кәсіпкерлердің айтылған ұсыныстарына байланысты бағдарламаға мынадай өзгерістер енгізілді. Өңдеу саласы бойынша несие төлеу ставкасы 8%-дан 6%-ға төмендеді. Жеңілдетілген несиелік кезең несие алу мерзімінің үштен бір кезеңіне дейін ұзартылды, яғни несие 7 жылға алынса 2 жыл 1 айға каникул беріледі. Несиелендіру үшін қосымша 23 экономикалық қызмет түрі ұсынылып, 20-сы қолдау тапса, 3-і мен бүгінгі күнге жұмыс жасалуда (туризм саласы, жоңышқа мен күріш, пластикалық трубалар шығару). Жобалардың басым бөлігі агроөнеркәсіп кешені саласына бағытталуынан «Агронесиелік корпорация» несие берушілер тізіміне енгізілуде», - дейді.

Мұнан өзге, Ғалымбек Жақсылықов облыс әкіміне   бағдарлама тетіктерін талқылау барысында қосымша анықталған проблемаларды айтып, бизнес өкілдері тарапынан түскен ұсыныстарды да жеткізді.

Атап айтқанда,

1. Екінші деңгейлі банктер тарапынан айналым қаражатын несиелеуде ұзақ мерзімнің болмауы.

Шешу жолы: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы Екінші деңгейлі банктердің жеңілдетілген мерзімін 3 жылға ұзарту.

2. Бағдарлама арқылы стартап жобаларды Екінші деңгейлі банктердің қабылдамауы.

Шешу жолы: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы Екінші деңгейлі банктердің стартап жобаларды қаржыландыруы үшін Бағдарламаға өзгеріс енгізу.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарын ҚР АШМ-нің өңірлерді мамандандыру сызбасына бақтар отырғызу бағытын қосу бойынша Министрлікке ұсыныс енгізу.

3. Бағдарламаның ауыл шаруашылық бағытында айналым қаражатының субсидиясын көтеру.

Шешу жолы: Негізгі және айналым қаражатын бағдарлама ережесінде 10 пайыздық көлемде субсидиялауды енгізу қажет.

4. Облыстың жергілікті халқының тұрғын немесе тұрғын емес ғимараттарының басым көпшілігі қам кесектен салынғандығын ескерсек, Екінші деңгейлі банктердің басым көпшілігінің қам кесектен салынған (сырцовый кирпич) жылжымайтын мүлікті кепілдікке алмауы, Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі тежегіш факторы болып отыр.

Шешу жолы: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылатын шағын және орта бизнес субъектілерін кедергісіз қаржыландыру мақсатында Екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатына (залоговая политика) қам кесектен салынған жылжымайтын мүлікті кепілдікке алу бойынша шектеуге өзгеріс енгізу қажет.

Кәсіпкерлер палатасының директоры осы айтылған мәселелер облыстық Жобалық кеңсе арқылы Орталық Жобалық кеңсеге ұсынылғандығын да жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер