«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық жас кәсіпкер «Бастау» жобасы аясында кәсібін ашты

2019 жылғы 17 Мамыр
- Қызылорда облысы
1818 просмотров

«Бастау» жобасы бойынша бизнестің қыр-сырын үйреніп, кәсібін бастаған жастардың бірі Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов ауылының тұрғыны Асылхан Абылайұлы. Жастайынан мал шаруашылығынан хабары бар, оның бабын білетін Асылхан кәсібін осы саламен байланыстырғысы келеді. Ағалары жылқы өсірсе, Асылхан ірі қараның басын көбейтуді қолға алған.

Ол ең алдымен облыстық кәсіпкерлер палатасы мамандарынан кеңес алып, «Бастау» жобасын оқиды, бизнес-жоспарын жасайды. Жоспары мақұлданғаннан кейін «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан жеңілдетілген несие алады.

«Бастау» жобасына кедергісіз қатысып, кәсіпкерлік саласындағы біліктілігімді жетілдірдім. Оқуды бітіріп, жобамды сәтті қорғап шықтым. Жобама алған 3 млн.теңге несиеге бұзаулы сиырлар алып, көбейтіп жатырмыз. Сүтін ауылдағы азық-түлік дүкендеріне өткізіп жатырмыз», - дейді кәсіпкер Асылхан Абылайұлы.

Несиеге алған қаражатына Асылхан 10 бас мүйізді ірі қара сатып алып, сиырларын жайлауда ұстауда. Ағалары да мал шаруашылығымен айналысатындықтан малды кезектесіп бағады. Үйде тек сауын сиырларды ғана ұстайды.

Жас кәсіпкердің ендігі жоспары мал басын көбейтіп, шаруашылығын өркендету.

Айта кету керек, өткен жылы «Бастау» жобасы бойынша Қызылорда облысынан 1600 азамат оқытылып, жалпы құны 799,4 млн.теңгені құрайтын 424 азаматтың жобасы қаржыландырылды.  Биылғы жылдың өзінде 623 азамат оқытылуда. Олардың ішінде 285-і жастар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер