«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада жер комиссиясының отырысы онлайн өткізілуде

2019 жылғы 28 Қаңтар
- Қызылорда облысы
3272 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Салават Құлмахан әлеуметтік желідегі парақшада жариялады

«Достар! Осы салада жүрген азаматтар білетін шығар. Дегенмен, әлі де хабарсыз отырған жандармен сүйінші жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Кәсіпкерлердің, жалпы азаматтардың осы уақытқа дейн көтеріп келген, сондай-ақ жиі шағымданатын мәселелерінің бірі – жер телімдеріне, оны беретін комиссияға қатысты. Осы салаға қатысты сын көп айтылатыны жасырын емес: беріліп жатқан жерлерге қатысты ақпараттың ашықтығына, заңдылығына қатысты. Міне, енді Сіз бен біз бұл мәселені өз көзімізбен көруге мүмкіндік алып отырмыз. Өткен жылы жер қатынастары саласындағы заңнамалық құжаттарға енгізілген өзгерістерге сай ендігі жерде жер комиссиясының әрбір отырысы облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында онлайн трансляцияланатын болды», – деді Салават Құлмахан.

Қызылордада облыстық жер комиссиясының осы жылдағы алғашқы отырысы 18 қаңтарда өткен болатын. Отырыс онлайн өтті. Қалай өткенінен мына сілтемеге өту арқылы көре аласыздар:

http://kf.orda.gov.kz/ru/conferences/archive?id=59


Еншілес ұйымдар

Серіктестер